COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні

Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні

16.03.2022 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ақпараттық-кітапхана орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Наурыз мерекесіне орай «Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында наурыз мерекесіне байланысты тарихи видеошолу көрсетілді. Білімгерлеріміз көрініс көрсетіп, “Наурыз” атты ән шырқап, “Қара жорға” биін биледі.
Шараға Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар» жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы, «Тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ» бөлімінің бастығы Р.Н. Нуркина қатысып, өз ізгі-тілектерін білдірді.
Ақпараттық-кітапханалық орталығында Наурыз мерекесіне арнайы дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен қатар ұлттық аспаптар домбыра, жетіген және ұлттық нақыштағы киімдер көрмеге қойылды.
Іс-шарамызға келген қонақтар мен білімгерлерімізге арнайы дастархан жайылып, ұлттық тағамымыз наурыз көже мен қымыз ұсынылды.