COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Наурыз-Ұлыстың ұлы күні!

Наурыз-Ұлыстың ұлы күні!

Наурыз – қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде, әдет-ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан қасиетті мейрам. Наурыз сөзі қазақша «Жаңа күн» деген ұғымды білдіреді. Сондықтан Наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы – «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, зор қуанышпен қарсы алған. 17.03.2022 күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Студенттер үйінде" "Қош келдің әз Наурыз" атты факультетаралық мерекелік сайыс өтті. Сайысқа 6 команда қатысып өзара сынға түсті.  "Бауырсақ BATTLE", Ұлттық ойын түрлерінен сайыс (қол күрес, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу т.б.), интелектуалдық ойындар ойнатылып, жатақхана тұрғындары мен студент жастарға Наурыздың берекелі дастарханы жайылып, Наурыз көже таратылды. Сайыс қорытындысы бойынша "Жаратылыстану" факультеті - 1 орын, "Шығармашылық мамандықтар" факультеті - 2 орын, "Педагогика" факультеті - 3 орынды иеленді.