COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / МАЗМҰНДЫ ДӘРІС ӨТТІ

МАЗМҰНДЫ ДӘРІС ӨТТІ

Наурыз айының 17 күні сағат 11-де ХТИИ студенттері «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО және «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Тұлғалар алаңы» жобасының қонағы Бекет Момынқұлдың «Бауыржантанудың негізі мен қазіргі бағдары» тақырыбындағы дәрісін тыңдады.
Журфакқа дейінгі тілшілік қызметін Алматы облыстық «Огни Алатау» газетінен бастаған көсемсөзші-қаламгер, Қазақстанның құрметті журналисі Бекет Момынқұл көп жылдар бойы Жамбыл облыстық «Знамя труда» газетін, «Қазақстан» РТРК Жамбыл облыстық филиалын басқарды. Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесін», абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметтің «Қазақ қалай орыстанды?» атты ғылыми еңбегін орыс тіліне аударған. Бауыржан Момышұлы туралы жазылған «Ерлік жалғасады» (орыс тілінде) атты кітаптың авторы. Ол бұл күндері Тараздағы «Бауыржантану ғылыми-зерттеу орталығында» жемісті еңбек етіп келеді.
Дәріс барысында ардагер-журналист, аудармашы, бауыржантанушы Бекет Момынқұл Бауыржан Момышұлының өмір жолы, әскери қызметі мен тактикасы, қоғамдағы орны, шығармашылығы, тағы да басқа қызықты деректерімен бөлісті.
Студенттер өздерін қызықтырып жүрген сұрақтарын қойып, Ер Бәукенің өмірінің түрлі құпиялы тұстарынан мағлұмат алды.
Кездесу соңында Бекет Момынқұл «Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО ат басын тіреп, Шерхан Мұртаза жайында да естеліктерімен бөлісті.
Дәріс әрі қызықты, әрі мазмұнды өтті.


ЖАДЫРА БАЙСАҚАЛОВА
«Шерхантану және Рухани жаңғыру» ҒЗО жетекші маманы