COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / "ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ӘУЕН" МУЗЫКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫ

"ЖАНАРЫМДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ӘУЕН" МУЗЫКАЛЫҚ ҚОЙЫЛЫМЫ

23.03.2022ж. күні «Жастар» театры гастрөлдік сапармен Тараз қаласына келді. Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Е.Саурықов наурыз мерекесі қарсаңында ХТИИ ұжымына сыйлық жасап, демеуші болып, билеттер барлық факультет студенттері мен қызметкерлерге тегін таратылды.
Елордалық «Жастар» театры Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында «Жанарымдағы жалғыз әуен» (әуенге табыну) қойылымын сахналады.
Қойылымның режиссеры - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Н.Жақыпбай.
Әуенге толы әуезді қойылымды ХТИИ ұжымы ерекше ықыласпен тамашалады. Қойылым соңында театр ұжымына ректор Е.Саурықовтың атынан «Ықылас гүлі» табысталды.
@nurkanat_zhakypbai_official
@adil084
#ХТИИ театр