COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ INNOVATIVE
INSTITUTE NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News

News

Халықаралық Тараз инновациялық институты "Заң" факультетінің 1 курс студенттері (қазақ және орыс топтары) кітапхана қорымен, электрондық оқулықтармен, жаңадан түскен кітаптармен, Рухани жаңғыру жобасы бойынша жарыққа шыққан 100 жаңа оқулық жобасы аясында жарық көрген кітаптармен танысты.

Қазан айының 14-15 жұлдыздарында Павлодар / Кереку/ қаласында өткен шетелдерде тұратын отандастардың қатысуымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында "Қасиетті қазақ елі" атты Халықаралық өнер фестивалі өтті.
Өнер фестиваліне Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті, филология ғылымдарының кандидаты, аймақтық менеджмент академиясының, Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Өзбекстан, Қарақалпақстан жазушылар одағының мүшесі Меңдібай Әбілұлы Әбілов қатысты.
Өнер фестивалінде М.Әбілұлы "Сақтар туралы жыр", "Желтоқсан-қазақтың айбыны",. "Таразым тарихтың бесігі" атты өлеңдерін оқып, Алғыс хатпен марапатталды

Халықаралық Тараз инновациялық институтының ДШ -19-1 тобының студенті Баймұратов Дінмұхамед Италияда кикбоксингтен өтетін әлем чемпионатына жолға шықты!
Дінмұхамедке сәттілік серік болсын дейміз! Көк туымызды желбірете бер! Жеңіспен оралуына тілектеспіз!!!

 

Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Жаратылыстану" факультетінің "Биология және ауылшаруашылық мамандықтар" кафедрасының 1 курс студенттері 16 қазан күні институтымызға қарасты "Агробиологиялық ғылыми зерттеу" орталығындағы жаңадан салынып жатқан студенттер үйімен, жылыжай құрылысымен, Зоология және Ботаника зертханаларымен, жеміс ағаштары және өсімдік түрлерімен танысып қайтты.  Балым Кожамжарова   Зоология пәнінен көкөніс дақылдарының зиянкестерінен практикалық сабақ білім көзі ретінде студенттерге жәндіктерді көру арқылы дағды қалыптастырып сабақ өткізді.

Page 118 of 137