Инновациялық білім беру бағдарламалары
14-17.09.2022ж. күндер аралығында Павлодар қаласы Торайғыров университеті базасында "Инновациялық білім беру бағдарламалары" тәжірибе жинақтау және енгізу тақырыбында республикалық ашық әдістемелік семинар өтуде. Аталған шараға Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Академиялық жұмыстар жөніндегі" проректоры А.Кадырова және «АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ» кафедрасының меңгерушісі А.Газаев қатысуда. Жоғары білім беру, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының, қазақстандық университеттер мен институттардың өкілдері инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәжірибесін талқылау үшін жиналды. Семинардың ашылуы кезінде BTS-Education компаниясының сарапшылары айтқандай, бүгінде көптеген мамандықтар өзектілігін жоғалтуда, сондықтан отандық жоғары оқу орындарына жаңа мамандықтарды оқыту үшін платформа дайындау қажет. Егер білім беру бағдарламалары қайта қаралмаса, бұл біздің экономикамыз үшін өте ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Семинар жұмысына сәттілік тілейміз!