COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ерлік сабағы

Ерлік сабағы

2023 жылдың 15 ақпан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің ұйымдастыруымен Мәжіліс залында Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай мектеп, колледж оқушылары, институт студенттері, "Оңтүстік" Өңірлік әскерлері қолбасшылығы мен Жамбыл облысының жергілікті басқару органдары басшыларының қатысуымен "Ерлік сабағы" салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Шара мақсаты - оқушылар мен студенттерді ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін дамытуға, патриоттыққа тәрбиелеуге, жастарды әлеуметтік маңызды мәдени іс-шараларға қосуға, оқушылар мен студенттердің Отанды қорғаудың қажеттілігі туралы дұрыс түсініктерін қалыптастыруға, оларды тәрбиелеуге бағытталған адалдық, аға буынға құрмет, батылдық, өз халқына деген сүйіспеншілік, жауынгерлік рухты көтеру.
Бұл іс-шараның ерекшелігі Ауған соғысы ардагерлерінің жастармен "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы, Жамбыл облысы әкімдігі әскерлері басшылығының бірлескен әскери патриоттық, ауған соғысы ардагерлері, эксклюзивті концерттік бағдарламасының өтуі.