COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Ұлы дала өркениеті

Ұлы дала өркениеті

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты ұйымдастыруымен 2023 жылғы 6-12 мамыр аралығында өткен «Ұлы дала өркениеті» атты II-ші халықаралық суретшілер симпозиумы мәресіне жетті.

«Ұлы дала өркениеті» атты II Халықаралық суретшілер симпозиумының ашылуы 2023 жылғы 8 мамырда «Көне Тараз» тарихи этно-мәдени кешені Көркемсурет галереясында бастау алды.

Симпозиумның мақсаты облыстың тарихы мен табиғатын, Тараз қаласының көрікті жерлерін шетелдік суретшілердің көзімен көру және оны қылқалам шеберлерінің қолымен бейнелеу. Бейнелеу өнері арқылы халықтар арасындағы достықты, мәдени және рухани байланыстарды нығайту.

Қазақстандық және шетелдік суретшілердің өзара шығармашылық тәжірибелерімен алмасу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Мәдениет және өнер саласындағы, әсіресе бейнелеу өнеріне құштар студенттерге, оқушыларға үлгі-өнеге ретінде олардың эстетикалық тәрбиедегі шығармашылық қабілеттерінің дамуына барынша оң әсер ету.
Симпозиумның міндеттері қатысушы суретшілер шығармашылық жұмыстармен айналысып, живопись туындыларын жасау.

«Ұлы Дала өркениеті» тақырыбындағы II-ші Халықаралық суретшілер симпозиумына Ресей, Латвия, Оңтүстік Корея, Түркия, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан,Словакия және біздің қазақстандық суретшілер қатысты. Олар жеті күн бойы қала мәдениетімен танысып, өз туындыларын салды.

Сонымен қатар, Институт ұстазы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Сихаев Айдархан Әшімханұлының абстракциялық живопись, авангардизм, перформанс, акционизм, видео-арт, инсталляция, поп-арт үлгісіндегі «Руханилық, принцип және ұстаным» тақырыбына арналған жеке көрмесі «Ұлы дала өркениеті» атты суретшілердің дәстүрлі II Халықаралық симпозиумы аясында ашылады.

Қатысушылардың туындылары көрмеге қойылып, облыс тұрғындарының назарына ұсынылды.