COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Конференция

Конференция

2023 жылғы 22 мамырда Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты президенті Нуржан Муслимов Жомартұлы төралығымен Кенпук Ұлттық Университеті Педагогика факультетінің жетекшісі Lee Kwang-Su мырза бастап келген делегаттармен келіссөз конференция өтті.

Оңтүстік Кореялық ЖОО-мен болған мақсатты кездесудің негізгі міндеттерінің бірі - Кенпук Ұлттық Университінің біздің жоғарғы оқу орнымызда STEAM педагогикалық бағыттағы ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫН ашу.

Аталған іс-шараға институтымыздың корей тілі орталығының білім алушылары мен шет тілін жетік меңгерген студенттер мен оқытушылар қатысты. Сонымен қатар, Lee Kwang-Su мырза Кенпук Ұлттық Университетінің мүмкіндіктері туралы видео ақпаратпен таныстыра отырып, ортақ ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары айқындалды.

Академиялық келіссөзден кейін, Lee Kwang-Su мырза институтымыздың Жаратылыстану факультеті оқу-зерттеу орнының материалдық техникалық базасымен танысты. Кездесу соңында екі тарап бұл екіжақты ынтымақтастықтың жемісті болатынына сенім білдірді.