COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Qazinnovations

Qazinnovations

Қазақстанда инновациялық экожүйені құру, атап айтқанда бизнес, ғылыми сала және мемлекет арасындағы тұрақты байланыстары бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, сондай-ақ өндіріске инновацияларды енгізу мемлекеттік саясаттың бір бағыты болып табылады

Бизнес-инкубатор - бұл бизнес-моделіне қарамастан, дамудың әртүрлі кезеңдерінде ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге түрлі қолдау көрсететін ұйым. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты кәсіпкерлік орталығы AstanaHub пен Qazinnovations ұйымдастырған «StartupOrda» жобасының эстафетасын жалғастыра отырып, 2023 жылы өзінің бизнес-инкубациясын іске қосты.

Бірінші ағым 21.08.2023 басталды. Бизнес-инкубатордың жұмысы «Qazinnovations» АҚ қолдауымен жүзеге асырылады және идеяны әзірлеуден бастап коммерцияландыруға дейін бизнесті оқыту, қолдау және сүйемелдеуді қамтиды. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге экономикалық және заң мәселелері бойынша кеңестермен бірге, қызметтер мен ресурстар кешені ұсынылады.