Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінде» дастархан жайылып, ауыз бекіткен студенттерге арнап ауызашар берілді.
Рамазан айы – Алла тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, ізгі ниетті іске сауабы көп,жыл он екі айдың қадірлісі. Иісі мұсылман қауымы үшін осынау қасиетті айда ораза ұстап, құлшылық еткен жандарға ауыз аштыру сауабы мол іс. Осыған орай, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Студенттер үйінде» дастархан жайылып, ауыз бекіткен студенттерге арнап ауызашар берілді.
Институт ректоры Е.Б.Саурықов бұл айда мүмкіндігінше жұртқа жақсылық жасап, мейлінше ізгі істі көбірек істеу, күнә атаулыдан барынша бойды аулақ ұстап, кембағал жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасау - үлкен ізгілік екенін, Оразаның адамды төзімділік пен шыдамдылыққа, сабырлық пен тәубашылыққа баулыған қадір-қасиеті туралы, жастарға берер тәлім-тәрбиесі жайлы пікірін білдірді.
Өз кезегінде студенттер ауызашар рәсімін арнайы ұйымдастырған институт басшылығына ризашылықтарын жеткізді.