«АDAL BOL QUEST»
Студент жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен мәдениетті, парасаттылық пен азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру, Сыбайлас жемқорлық құбылыстарына төзбеушілікті және қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу мақсатында Халықаралық Тараз инновациялық институтында «АDAL BOL QUEST» квест ойынының соңғы шешуші кезеңі өткізілді.
Ойынға «Шығармашылық мамандықтар» факультетінен «Әділет қырандары» командасы, «Педагогика» факультетінен «Моney» командасы, «Экономика және бизнес» факультетінен «Адал ұрпақ» командасы, «Заң» факультетінен «Жемқорлыққа қалқан боламыз» командасы, «Жаратылыстану» факультетінен «Алға» командалары қатысқан болатын. Қорытынды сайыста командалар пазлдарды барынша тез құрастырып, өз ойларын айту, мақал-мәтел сайсы, астарлы сілтеме, адалдық капитандарының жарысы сынды кезеңдер бойынша сайысқа түсті.
Қазылар алқасының құрамы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті төрағасының 1-ші орынбасары Төлебаев Р.Қ., Жамбыл облысы, Жас Отан жастар қанатының төрағасы Болатбек У.Б., Тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректор Құлабекова Г.Қ., Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар ресурстық орталығының директоры Таутен А.Қ., Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторының жетекшісі Бекназаров Б.А.
Сонымен 3 аптаға созылып, 4 кезеңнен тұрған «АDAL BOL QUEST» квест ойыны өз мәресіне жетті. Ойын қорытындысы бойынша «Жемқорлыққа қалқан боламыз» командасы 1-орын, «Адал ұрпақ» командасы 2-орын, «Әділет қырандары» командасы 3-орын, «Моney» командасы 4-орын, «Алға» командасы 5-орынды қанжығасына байлады. Барлық командалар алғыс хат, диплом және қаржылай марапатталды.