COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News / Желтоқсан құрбандарының өмірін, ерлігін, насихаттау

Желтоқсан құрбандарының өмірін, ерлігін, насихаттау

2021 жылдың 13 желтоқсан күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының “Жаратылыстану” факультетінің Гео 18-1 тобының кураторы Айтекова Куралай Ускенбаевна мен Био 18-1 тобының кураторы Жаңатілеу Бауыржан Бақытұлының ұйымдастыруымен,
Ел егемендігінің 30 жылдығына және желтоқсан көтерілісінің 35 жыл толуына орай, желтоқсан оқиғасының мән мағынасын, тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының өмірін, ерлігін, насихаттау. Желтоқсан көтерілісінде ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, тану мақсатында бітіруші топ студенттерін Желтоқсан 86 музейімен таныстырып, желтоқсан оқиғасына қатысушылар Жамбыл облысы Желтоқсан-86 қоғамдық бірлестігінің төрағасы М. Бердалиев, орынбасары И. Хаджимұратов, ұйымдастыру бөлімінің басшысы Т. Абжалиевпен кездесу өткізді. Кездесу барысында Тәуелсіздіктің бастауына айналған оқиғаның маңызы турасында кеңінен тарихи және тәрбиелік мәні зор деректер айтылды. Жастарға өз тағдырларына өздері иелік ететін азаматтар болуы үшін білімді болуларына тілек білдірді.