COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News

News

2021 жылдың 14-16 мамыр күндері Халықаралық Тараз инновациялық институтында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік толғауы – жастардың жарқын қолдауы» атты республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Турнирдің мақсаты – оқушылар мен студенттер арасында білімді, білікті, тапқыр, ұшқыр ойлы, өз ойын жақсы дәлелдей алатын азаматтар даярлау, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеуге ықпал ету, пікірсайысшылардың өзара тәжірибе алмасуына, жаңа ұсыныстар мен идеялар қалыптастыруға баулу.

Пікірсайысқа студенттер арасынан 60 топ, оқушылар арасынан 20 топ қатысады.

Пікірсайыс турнирі 2 негізгі ойын форматы арқылы өткізіледі: 1) Американдық парламенттік формат (АПФ); 2) Линкольн-Дуглас форматы (ЛД)

Студенттер турнирінің жеңімпаздарына 1 орын – 300 000 теңге, 2 орын – 200 000 теңге, 3 орын - 100 000 теңге, «Үздік спикер» номинациясына – теледидар, «Үздік төреші» номинациясына – микротолқынды пеш беріледі.

Оқушылар турнирінің жеңімпаздарына 1 орын – 2 дана ноутбук, 2 орын – 2 дана теледидар, 3 орын – 2 дана смартфон, «Үздік спикер» номинациясына – теледидар, «Үздік төреші» номинациясына – микротолқынды пеш беріледі.

2021 жылдың 13 мамыр күні Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Филология» кафедрасының ұйымдастыруымен Туркология саласының білікті маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ЖОО-ның «Үздік оқытушысы» грантының иегері, Аймақтық Менеджмент академиясының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Кәрібаева Азиза Өтегенқызының «ЛИНГВИСТИКАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» атты тақырыптағы ғылыми-әдістемелік семинары өткізілді.

Ғылыми-әдістемелік семинарды «Филология» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Пертаева Эльмира Құлибайқызы жүргізді.

Ғылыми-әдістемелік семинарға Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Ғылым, инновация және халықаралық байланыстар» жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Тәжібаев Серік Дүйсенәліұлы, №38 орта мектебінің мұғалімдері Андакулова Динара, Бисенғалиева Мадина, №21 орта мектебінің мұғалімі Шаханов Қайрат, «Филология» кафедрасының профессор-оқытушылары мен студенттері қатысты.

Ғылыми әдістемелік семинарда сыртқы лингвистика, ішкі лингвистика, сөйлеу лингвистикасы жайындағы зерттеулер мен терминдер мәселесі жан-жақты қарастырылды. Әсіресе, Кәрібаева Азиза Өтегенқызы когнитивті лингвистика – тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі антропоцентристік парадигмаға тоқталды. Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым. Қазіргі тіл ғылымында когнитивті лингвистика қатты дамып, оның салалары категориялау теориясы, тілдік тұлға, концептуалды метафора, когнитивті–дискурсивті теория, когнитивті семантика, тағы басқалары сараланып кетеді. Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудыратыны жайлы қамтып өтті.

Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, тың жауаптар алынды.

 

2021 жылы мамыр айының 19-26 күндер аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасының жағажай волейболынан IX жазғы Универсияда ойындары өтеді. Аталған іс-шараға Халықаралық Тараз инновациялық институтының спортшы студенттері қатысады. Оның ішінде :

Запар Арайлым Дш 18-1

Қалмахамбет Ақбота Шт-20-1

Мейрамбек Нұрдаулет БӘД 17-1

Әсілхан Мәди Дш 17-3

Сметов Бағлан Дш 17-3

Топар Нұрперзент Дш 18-1 тобының білімгерлері. 

Спортшыларымызға сәттілік тілейміз! Жеңісті күндер көп болсын! 

Имидждік жұмыстар және қоғаммен байланыс секторы

Page 145 of 159