COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Address

Taraz, Zheltoksan STR., 69b

Contact Phone Number

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Operating time

Monday-Friday: 09.00-18.00

INTERNATIONAL TARAZ
INNOVATIVE INSTITUTE
NAMED AFTER SH. MURTAZA

Home / MEDIA / News

News

«Талапкер-2021» кәсіби бағдар жұмыстары аясында «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы және есеп», «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушылары Т. Рысқұлов, Жуалы аудандарының және қала колледж, мектептерінде болып қайтты. Колледж бітірушілер, 11 сынып оқушыларымен кездесу барысында ЖОО жаңа оқуға түсу ережелері, құжаттарды өткізу тәртібі, институт мамандықтары жайлы ақпарат жеткізілді. 

Халықаралық Тараз инновациялық институты мектеп оқушыларына болашақ мамандық таңдауда кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында көптеген атаулы іс-шаралар атқарып келеді. Сондай игі дәстүрдің жалғасы ретінде өткен аптада институымызда №30 орта мектеп-гимназиясының жоғары сынып оқушылары қонақта болды. Осы мектептің 2012 жылғы үздік түлегі, ХТИИ «Филология» кафедрасының оқытушысы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы мектеп оқушыларына институт ғимараттарын аралатып саяхат сабағын өткізді. Институтымыздың заманауи жабдықталған кітапханасындағы сирек кездесетін кітаптар мен электрондық ресурстарды, қолөнер шеберханасындағы ою-өрнек әзірлейтін жоғары технологиялы құрылғыларды, «Билология» зертханасындағы таңғажайып экспонаттарды оқушылар назарына ұсынып, қызықты деректер арқылы таныстырып өтті.

Сабақ барысында мектеп оқушылары институтымыздың ерекше ғылыми орталықтарының бірі - «Шерхантану ғылыми зерттеу орталығына» қонаққа келді. Орталық директоры Кембаева Айнұр Тұрарқызы атақты жазушы Ш.Мұртаза жайлы естеліктермен бөлісе отырып жазушының фотоальбомымен, қолжазбаларымен және орталыққа Ш.Мұртазаның өзі табыстаған жеке заттарымен таныстырып өтті. Айнұр Тұрарқызы ҒЗО тарихымен, атқарылған маңызды іс-шараларды атап өтіп, аса қызығушылық танытқан оқушыларды әр жыл сайын орталық тарапынан ұйымдастырылатын Шерхан оқуларына қатысуға шақырды.

Кәсіби бағыт-бағдар беруге негізделген саяхат сабағының соңында №30 мектеп-гимназиясының оқушылары аға буын мектеп түлегі О.Т.Саржаевтан мамандық жайлы, институт жайлы, мектеп кезіндегі қызықты сәттері жайлы сұрақтар қойып, естелік суретке түсіп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

24.04.2021 күні Тараз қаласында қала әкімі Ерлан Жұматұлы Жылқыбаевтың қатысуымен «Жомарт түлек - Тараз» атты түлектер кездесуі өтті. Кездесу мақсаты – әр түрлі салада қызмет етіп, Тараздың дамуына үлес қосып жүрген түлектердің өмір жолын жастарға насихаттау. Кездесу барысында қаланы көркейтуге негізделген тың идеялар мен игі бастамалар аталып өтті.

Республиканың әр аймағында еңбек етіп жүрген Тараздан шыққан атақты түлектерден бастап, жеке кәсіпкерлер мен білім саласында жүрген ұстаздарға дейін қатысқан түлектер кездесуіне №30 мектеп-гимназиясының түлегі, Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Филология» кафедрасының оқытушысы Саржаев Олжас Тілебалдыұлы да шақырылып, қала әкімі Е.Жұматұлының қолынан Алғыс хат алды. Бұл да қала басшылығы тарапынан танымал әнші, блогер түлектермен қатар, ұстаздық жолды жастарға насихаттау үшін, ұстаздық еңбекті бағалау жолында жасалған игі қадам деп білеміз.

Институымыздың білгір маманы О.Т.Саржаевты құттықтай отырып, мұндай елеулі марапаттар белсенділігін арттыра түсіп, ары қарай Тараздың дамуына елеулі қызмет етуіне мотивация болады деген сенімдеміз.

Page 148 of 159