Аккредиттеу
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің аккредиттеу бойынша ақпараты.
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 2016 жылы желтоқсан айында «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігі тарапынан институционалдық аккредиттеуден өтті. Сыртқы сарапшылар тобы ПОҚ-ның біліктілігін, білім алушылардың қызығушылығын, сапалы мамандар дайындаудағы бітірушілердің қазіргі талаптарға сәйкестігі, материалдық-техникалық базаның жақсы деңгейін ерекше атап көрсетті. Аккредиттеу Кеңесінің шешімімен Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіне 24.12.2018 жылға дейін 5жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу туралы куәлігі берілді.
2017 жылдың маусым айында 8 бакалавр 5В010200-«Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300-«Педагогика және психология», 5В012000-«Кәсіптік оқыту», 5В060400-«Физика», 5В060600-«Химия», 5В060700-«Биология», 5В070400-«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 5В073200-«Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандықтары «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігінен мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Сыртқы сарапшылар тарапынан материалдық-техникалық базаны дамытудағы жұмыстары, атап айтқанда, 24х42 м үлкен спорт залы, екі мамандандырылған зал және спортшыларға арналған санитарлық-тұрмыстық бөлмелерімен жабдықталған «Спорттық-сауықтыру» кешені яғни осы сияқты университеттің оңтайлы жұмыстары ескерілді. «Білім» факультетінің білім беру аймағының кеңейтілуі есебінен әрқайсысы 60 орындық 8 дәріс залы іске қосылды.
Аккредиттеу кеңесі жоғарыда аталған мамандықтарға 17.06.2022 ж. дейін 5 жыл мерзімге куәлік табыс етті.
2018 жылдың маусым айында 7 бакалавр 5В010700–«Бейнелеу өнері және сызу»,5В011400–«Тарих», 5В011600–«География», 5В011900–«Шетелтілі: екі шетел тілі», 5В030100–«Құқықтану», 5В050900–«Қаржы»,5В051000–«Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 6 магистратура 6М010300–«Педагогика және психология», 6М020300–«Тарих», 6М030100–«Құқықтану», 6М050900–«Қаржы», 6М060400–«Физика», 6М073200–«Стандарттау және сертификаттау» (салалар бойынша) мамандықтары «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз Қазақстандық» агенттігінен мамандандырылған аккредиттеуден өтті.
Сыртқы сарапшылар жаратылыстану мамандықтары үшін материалдық-техникалық базаның жетілдірілгенімен танысты. «Жаратылыстану ғылымдары» факультетіне 2100 шаршы метр аумақты қамтитын жаңа оқу-зертханалық ғимараты берілді.
Аккредиттеу кеңесі жоғарыда аталған мамандықтар бойынша 23.06.2023 ж. дейін 5 жыл мерзімге куәлік табыс етті.
Аккредиттеу кеңесінің ұсынысы бойынша университетте алдағы кезеңде оқу-тәрбие жұмыстары, ҒЗЖ, болашақтағы бітіруші мамандардың сапасын жоғарылату мақсатында іс-шаралар жоспары даярланды.
Институционалдық аккредиттеуден өту үшін өзін-өзі бағалау есебі