COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / «Экономика және бизнес» факультеті

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы

Куатбеков Жарас Алпысбаевич

Факультет деканы   

PhD, и.о. доцента

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

"Экономика және бизнес" факультетінің деканы - Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы. Білімі-жоғары. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын "Тарих және география" мамандығы бойынша бітірген.

2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін арттырудағы мотивациялық тетігі" тақырыбында диссертация қорғады. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда 9 жылдан астам жұмыс өтілі бар.

Халықаралық Тараз инновациялық институтында 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. "Қазіргі жағдайда мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру" перспективалық тақырыбының ғылыми жетекшісі болып табылады.

40-тан астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 3 оқу құралының, 3 монографияның авторы. Ғылыми қызығушылықтары: мемлекеттік басқаруды жетілдіру мәселелері және экономикалық тиімділік.

2019 жылы Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орнының үздік оқытушысы атанды, А.Байтұрсынов атындағы төс белгісімен марапатталды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің алғыс хаты бар.

2020 жылы "Үздік оқытушы" атағына ие болды. Ж.А.Қуатбековтың ғылыми жетекшілігімен 15-тен астам магистрлік диссертациялар қорғалды.

Факультет туралы

 

«Экономика және бизнес» факультетінде келесі оқу бағдарламалары бойынша бакалавр және магистрлер дайындалады:
Бакалавриат:
6В04 Бизнес, басқару және құқық
6B04101 – Экономика
6B04102 – Есеп және аудит
6B04103 – Қаржы
6B04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
6B04105 – Менеджмент: адам ресурстарын басқару

Магистратура:
7M04 Бизнес, басқару және құқық
7M04102 – Экономика
7M04104 – Қаржы
7М04107 – Менеджмент: адам ресурстарын басқару
7М04110 – Мемлекеттік және жергілікті басқару

Факультетте 60 аса оқытушы жұмыс жасайды, оның ішінде 1 профессор, экономика ғылымдарының кандидаты, 20 ғылым кандидаты және 3 PhD.
Студенттер оқу үшін барлық жағдайлар жасалған: заманға сай аудиториялар, мамандандырылған лабораториялар, үлкен кітапхана, спортза, фитнес-зал, жатақхана, асхана және т.б. Факультетте түрлі ғылыми бағытта үйірмелер қызмет көрсетеді. Білімгерлер тұрақты түрде Республика деңгейінде өтетін мамандықтары бойынша олимпиадаларға қатысуда.
Факультет түлектері экономика және заң саласының түрлі мекемелерінде қызмет атқаруда.
Құрметті студенттер! Бізге сенім білдіріп, біздің университетті таңдағандарыңызға рахмет.  

 

Факультет жетістіктері

 

Факультет жетістіктері