COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жағажай волейболы Калифорниядан өз бастамасын алып, 1920 жылдардың басында жағажайларда ойындарға арналған алаңдар жасалынып, бірінші командалар жинала бастады. 1996 жылдан бастап бич-волей ойыны Олимпиада ойындарының жарыстық бағдарламасында бар.

Жағажай волейболы – бұл әр командада екі ойыншысы бар, екі команда тормен бөлінген құмды алаңда ойнайтын спорттық ойын. Дененің кез келген мүшесімен доппен ойнауға болады. Ойынның мақсаты – тор арқылы допты қайта қайтару, доп бәсекелестің алаң жағына тию керек және допты өз алаң жағына түсірмеу қажет. Қозғалмалылық, көркемдік, ойын-сауықтық және сезімдік жағажай волейболын қызықты спорт түрлерінің бірі болып жасайды. Ойынның қиын емес ережелері, қымбат жабдықтардың және құрал-саймандардың жоқтығы, Астана қаласының белсенді тынығу әуесқойлардың арасында бұл спорт түрінің танымалдығын арттырады.

Жамбыл облысы, Тараз қаласында алғаш болып Халықаралық Тараз инновациялық институты базасында "Жағажай воллейболына" арнап арнайы алаң салынды. Қазіргі таңда студенттердің ойынға деген қызығушылығы күн санап артып келеді. "ХТИИ жағажай воллейболы" құрамасы талай турнирлердің, жазғы универсиада ойындарының жеңімпазы екенін ескерсек, салынған нысан алдағы жарыстарға дайындалуға үлкен мүмкіндік берері сөзсіз. Жастарға жағдай жасап, қолдау білдіріп жатқан институт ректоры Ерболат Саурықов мырзаға жастар атынан зор алғыс білдіреміз.

"Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторы

2021 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 12.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институтында «Әділ сөйлеп, адал жүр» тақырыбында TEDx форматында конференция өтеді.

Спикерлер:

1) Бекназаров Бахтияр Арманұлы - Халықаралық Тараз инновациялық институтының "Имидждік жұмыс және қоғаммен байланыс" секторының жетекшісі; қалалық, облыстық, республикалық "Көркем сөз оқу шеберлерінің жүлдегері", республикалық "шешендік өнер" байқауының жүлдегері, облыстық Абай, Жамбыл оқуларының бас жүлде иегері.

2) Әзімбай Әлішер Әзімбайұлы - Төле би атындағы №8 гимназия директоры; облыстық "Орта білім беретін үздік ұйым" мемлекеттік грантының жеңімпазы.

3) Бейсенбек Гүлназ - Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенті, «Саналы ұрпақ» клубының белсенді мүшесі.

4) Әжібаев Айбек Итқараұлы - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы.

Конференцияны департаменттің парақшасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.