COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

SHERKHAN MURTAZA
UNIVERSITY

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / "Педагогика" факультеті

"ПЕДАГОГИКА" ФАКУЛЬТЕТІ

НУРБЕКОВ ТАЛГАТ БАЛТАБЕКОВИЧ

Факультет деканы

Байланыс телефоны: +7 708 752 5123

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Сатбаев 1А

Facebook, Instagram  

Факультет туралы

  

«Педагогика» факультеті заманауи педагогтар мен балабақша тәрбиешілерін даярлайды.

«Педагогика» факультетінде қарасты 3 кафедра бар:

- Жалпы педагогика

- Қазақ тілі мен әдебиеті

-«Шетел тілдері» кафедралары.

Факультетте 64 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, оның ішінде 2 PhD, 4 ғылым докторлары мен профессорлар құрамы, 22 ғылым кандидаттары, доценттер бар.

Факультеттің  профессор-оқытушылар құрамы ғылыми жобаларға қатысады, ғылыми-зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялайды, мысалы: 2022-2023 жылдары А.Е. Ботабаева, Ж.Т. Сарыбекова, А.С. Курманбекова, Р.С. Елубаева, т.б.  Scopus базасына кіретін  журналдарда мақалаларын жарияланды.

Факультетіміздің материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып отырады және толық жұмыс істейді. Корпусымыз интернет желісіне қосылған. «Жалпы педагогика»кафедрасына қарасты №1. 204, 205, 206 аудиториялар зертханалық кабинеттер ретінде жабдықталған. «Шетел тілдері» кафедрасына бекітілген ресурстық орталықта №3.101, 103, 104, 105, 107 аудиторияларыда түрік, қытай, корей және ағылшын тілдеріне байланыстыкөрнекі құралдармен жабдықталған, ал, № 3.105 және 3.107 лингафон кабинеттері қажетті техникалармен, заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған.

Оқытушыларымыз білім алушыларға жаппай ашық онлайн-курс (МООК) жазуда, атап айтсақ, келесі пәндер: Этнопедагогика (қазақ және орыс тілдерінде), Жоғары мектеп педагогикасы, Фонетика теориясы, Грамматика теориясы, Стилистика т.б.Жаппай ашық онлайн-курс (ЖАОК) ағылшын тілінде Massive open online course (MOOC), орыс тілінде Массовый открытый онлайн-курс (МООК) - электронды оқыту технологияларын қолдана отырып, интернет арқылы ашық қол жеткізе отырып, жаппай интерактивті қатысуымен оқыту курсы, қашықтықтан білім беру нысандарының бірі. Бейне, оқу және үй тапсырмасы сияқты дәстүрлі оқу курсының материалдарына қосымша ретінде жаппай ашық онлайн курстар студенттер мен оқытушылар қауымдастығын құруға және қолдауға көмектесетін интерактивті пайдаланушы форумдарын пайдалануға мүмкіндік береді.

Бізде аты талған БББ бойынша дуалдық білім беру және академиялық ұтқырлық жүзеге асырылады. Студенттеріміз бірінші курстан бастап мектеп пен балабақшаларға педагогикалық практикаларға барады және пәндіколимпиадалар өткізеді.

«Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ бойынша ағылшын тілі және екінші тілі ретінде қытай, түрік, корей тілдері оқытылады. Келер оқу жылында ағылшын және орыс тілдерін оқыту бойынша БББ әзірленуде. Түрік, қытай және корей тілдерін оқыту үшін арнайы шақырылған.

«Академиялық саясат»басқармасы тарапынанда сапалы педагогтер даярлау бағытында семинарлар мен байқаулар өткізіліп отырады. Атап айтсақ: 2021 ж. Бітіруші түлектерге онлайн форматта «Өрлеу»біліктілікті арттыру ұлттық орталығынан біліктілікті жетілдіру курстары ұйымдастырылған. 14.11.2023 ж. «Адал азамат» тақырыбы бойынша фестиваль өткізілді. 01.12.2023 ж. 4 курс студенттерімен  Мансаптық сектормен бірлесе отырып, «Бітіруші студенттермен жұмысқа орналасу алдындағы бағыт» атты тақырыпта семинар өткізді.

Басқа қалалардан келген білім алушылар Студенттер үйімен қамтамасыз етіледі. «Педагогика» факультеті заманауи педагогтар даярлайтын нағыз шеберхана. Мұнда алынған білім мен тәжірибе білім алушылардың өзін танытуына және тұлғалық қалыптасуына мүмкіндік береді, өзгермелі әлемде шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етеді. «Педагогика» факультетінің жарқын, есте қаларлық, қызықты студенттік өміріне белсене қатысуға қош келдіңіз!

 

Деканат

 

   Исаметова Ақмарал Туяшбекқызы

   Педагогика ғылымдарының магистрі

   Оқу ісі-жөніндегі декан орынбасары

   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

   Шарафаддинова Нилуфар Шарафаддинқызы

   Педагогика ғылымдарының магистрі

   "Педагогика" факультетінің операторы

   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

 

   Стамкулова Баян Шаймерденқызы

   педагогика ғылымдарының магистрі

   ғылым жұмыстары бойынша декан орынбасары

   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

   Таджикова Айгерим Джамбуловна

   педагогика ғылымдарының магистрі

   Тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары

   Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

Даталар мен фактілер

 

Факультет тарихы: 

«Педагогика» факультеті «Білім» факультетінің құрылымдық өзгеруіне байланысты 2020-2021 оқу жылының екінші жарты жылдығында құрылды.Факультетте 64 профессор-оқытушылар құрамы жұмыс істейді, оның ішінде 2 PhD, 4 ғылым докторлары мен профессорлар құрамы, 22 ғылым кандидаттары, доценттер бар. Факультетіміздің  профессор-оқытушылар құрамы ғылыми жобаларға қатысады, ғылыми-зерттеу нәтижелерін отандық және шетелдік басылымдарда жариялайды, мысалы: 2022-2023 жылдары А.Е. Ботабаева, Ж.Т. Сарыбекова, А.С. Курманбекова, Р.С. Елубаева, т.б.  Scopus базасына кіретін  журналдарда мақалаларын жарияланды.

Факультетімізде 2020 жылы ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру конкурсына ғылыми жобасымен  п.ғ.д., профессор Болеев Т.К.  қатысып, жеңіп алды. Тақырыбы:ИРНАР09259839 «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын психологиялық профильдеу және түзету жүйесін ұйымдастыру» жобасы(02.05.2021-30.12.2023ж). Ал, 2023 жылы ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру конкурсынағылыми жобасымен  п.ғ.к., доцент Ботабаева А.Е. қатысып, екі кезеңінен өтті, тақырыбы: «Педагогтердің инновациялық ойлау дағдыларын дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері». Осы байқауға п.ғ.к., доценті  Елубаева Р.С. өз ғылыми жобасымен қатысып, 3-ші кезеңге жолдама алды. Ғылыми жоба тақырыбы: «Ш.Мұртаза шығармашылығы негізінде болашақ мамандардың рухани-көшбасшылық құзіреттіліктерін қалыптастыру: «Sherhan.kz» педагогикалық платформасын жасақтау».

Профессор–оқытушыларымыз Қазақстанның және шетелдің алдыңғы қатарлы ЖОО-на барып, біліктіліктерін жетілдіріп отырады. 2023 жылғы 14-19 желтоқсан аралығында Стамбул қаласында өткен «Білім беру саласындағы заманауи үрдістер. Инклюзивті оқыту әдістері» атты халықаралық біліктілікті арттыру курсына (Халич  университетіне) п.ғ.к., доцент Ботабаева Адеми Еркебаевна  мен п.ғ.к., доценті  Елубаева Рахат Сайлаубековна барып, біліктілігін арттырды. ПОҚ онлайн тағлымдамаданда өтіп отырады, мәселен 2023-2024 оқу жылында Чехия мемлекетінен Ботабаева А.Е.,  Елубаева Р.С., Акынова Г.О.,Фатикова Н.А., Ажибаева Р.Е., Исаметова А.Т.,Таджикова А.Д.,Абаева А.К., т.б. өтті. Сонымен қатар, ПОҚ шетел мемлекеттерінде өтетін халықаралық симпозиумдер мен конференцияларғада қатысып, шетелдік әріптестермен пікір  алмасады, мысалы: Түрік-Алман университеті, Гази университеті,Самарқанд мемлекеттік институты, Невский Тіл және мәдениет институты (Ресей) т.б. ПОҚ жинаған білімі мен біліктілігін институмыздың оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланады. Оған дәлел 2022-2023 оқу жылында факультет бойынша ЖОО бітірген түлектердің ішінен 54 студент «үздік дипломмен» оқуын аяқтады. Бітіруші түлектеріміз Ұлттық біліктілік тестілеу нәтижесі бойынша да жақсы нәтиже көрсетіп, «Педагог тағлымдамашы» сертификатына ие болды. «Педагог тағлымдамашы» сертификатын алуға қосымша сабақтар жылда қазан айынан басталады.

2024-2025 оқу жылында «Невский Тіл және мәдениет институтымен» (Ресей) «Ағылшын және орыс тілдері мұғалімдерін даярлау» БББ (СОП) әзірленуде, бағдарламаны жасауға жауапты «Шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі Нурманалиева Ұ.Т.

2023 жылдың 30-31-ші наурыз аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Менеджмент академиясының (Павлодар қ.) профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Әбілов Меңдібай Әбілұлының  65 жылдық мерейтойына орай  «Балалар әдебиеті тарихының қалыптасуы және Жаңа Қазақстан дәуіріндегі филология ғылымының өзекті мәселелері» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2023 жылдың  4 сәуір күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы Ғылым күніне орай Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Педагогика» факультетінің студенттер арасында «ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ» атты тақырыпта факультет көлемінде ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

2023 жылдың 5 сәуірінде Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруымен факультет көлемінде  «Лингвист-2023» атты тақырыпта  «Қазақ тілі» пәні бойынша студенттердің пәндік олимпиадасы өтті.

2023 жылдың 24-25 қараша аралығында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында Аударматану  саласының білікті маманы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Қожаева Маржан Төреғұлқызының  мерейтойына орай «Жаңа Қазақстан дәуіріндегі аударматанудың өзекті мәселелері: зерттелу тарихы, теориясы, қалыптасуы мен дамуы» атты Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2023 жылдың 6 желтоқсан күні  Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Педагогика» факультеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының ұйымдастыруыменАлаш қозғалысының қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы – Мағжан Жұмабаев» атты аймақтық  ЭССЕ байқауы өткізілді.

 

2022-2023 оқу жылында «Педагогика» факультетінің ПОҚ жазған оқулықтары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдары келесідей:

1. Ботабаева Адеми Еркебаевнаның магистранттарға арнап жазған «Жоғары мектеп педагогикасы» атты оқулығы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы ҚР ҒЖБМ Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу-әдістемелік бірлестігінің шешімімен баспаға ұсынылды (№ 5 хаттама. 27.10.2022).

2. Ботабаева А.Е., Қалжан Н.А. Алаш қайраткерлерінің әлеуметтік - педагогикалық идеялары: Монография. – Алматы: TechSmith, 2023.  –  80 б.

3. Ботабаева А.Е. Педагогтердің коммуникативтік құзыреттілігі: Оқу құралы. –Алматы: TechSmith, 2023.  – 72 бет. ISBN 978-601-330-416-8

4. Болеев Т.К., Ускенбаева Д.А. Суицидология: оқулық. – Алматы: ADAL KITAP, 2023.

5. Дене шынықтыру және спорт тарихы (оқулық) Алматы: Альманахъ, 2023 - 178 б. Жарыққа шықты. Авторлары: п.ғ.к. Курманбекова А.С., Джекенов П.

6. Ускенбаева Д.А. Технология формирования осознанного родительства. – Тараз, 2023.

7. Қожаева М.Т. Аударматану терминдерінің когнитивтік-семантикалық құрылымы (оқу құралы)

8. Пертаева Э.Қ. Дулат Бабатайұлының поэтикасы (Монография)

9. Карибаева А.У. Лингвосемиотика.

10. Әбілов М.Ә. Сұр жебе (роман-эпопея)

 

Білім алушылар:

Факультеттің білім беру бағдарламалары талапкерлердің сұранысына ие. Соңғыжылдары студенттер саны артып келеді. Бүгіндефакультетте1500-ге жуық  студент білім алуда, оның42 грант иегерлері, оныңішінде1-і мемлекеттікбілім гранты, 83-і «Қазақстанхалқына» гранты, 33-і ректорлық гранты. Студенттер академиялық ұтқырлықпен еліміздің басқа қалаларындағы және шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарына «Болон процестерінің талаптарына сай» оқуға мүмкіндіктері бар. Факультетте Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдерден келген шетелдік студенттер, сондай-ақ Қазақстанның көптеген облыстарынан: Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда, Алматы, т.б. келген студенттер білім алуда.

Студенттердің жетістіктері

Студенттеріміз ғылыми жобаларымен Қазақстан ішінде және шетелдерге Симпозиумдар, олимпиадалар, «Шерхан оқулары» байқаулары мен Халықаралық конференцияларға қатысады. Мысалы, 2022 жылы «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ студенттері Самарқанд қаласындағы Самарқанд мемлекеттік институтына 7-ші Халықаралық Студенттер Симпозиумына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Биылда 2-ші желтоқсан күні аты аталған оқу орнында өткен 8-ші Халықаралық Студенттер Симпозиумына 2 жобамен «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттері онлайн форматта қатысты. 2022 жылы «Менің арманымдағы Қазақстан» атты эссе жазудан республикалық байқауда «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ-нан 2 курс студенті Кеңес Аружан үздік эссе иегері атанды. Институмызда Стартап жобалары жүзеге асырылады, атап айтсақ «Шетел тілі: екі шетел тілі» БББ 4-ші курс студенттері «New STEP project» және «Jazy’-LAT» жобасын әзірлеп, 12.12.2022 ж. «AlmaU» кәсіпкерлік және инновациялар мектебі ұйымдастыруымен өткен “Kemel Kasipker” атты бизнес-кейстерді шешу чемпионатына онлайн қатысып, 13 команданың ішінен үздік алтылыққа еніп,  20.01 - 22.01.2023 ж. аралығында Алматы қаласында “Entrepreneurial MeetUp” деген атпен өтетін жыл сайынғы  кәсіпкерлік байқауға жолдама алды. Факультет тарапынан облысымызға белгілі, білікті педагогтармен және жұмыс берушілермен білім алушыларға жиі кездесулер мен семинарлар өткіземіз, атап айтсақ мұғалімдер күніне орай 29.09.2023 ж. «Ұстаздың дара жолы» атты тақырыпта сыр-сұхбат өткізілді. Сыр-сұхбатқа институттың профессор-оқытушылары, студенттері мен облысымыздың беделді, өмірін ұстаздық мамандыққа арнаған тұлғалары қатысты. 

 

Кафедралар

 

Білім беру бағдарламалары

 

Бакалавриат

6В01101 - Педагогика және психология

6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6B01202 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогикасы

6В01301 - Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6В01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі

 

Магистратура

7М01101 - Педагогика және психология

7М01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

7М01703 - Шетел тілі: екі шетел тілі