COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / ФАКУЛЬТЕТТЕР / «Заң» факультеті

«ЗАҢ» ФАКУЛЬТЕТІ

Факультет деканы

Асқарбекқызы Назира

Факультет деканы   

Заң ғылымдарының кандидаты

E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Асқарбекқызы Назира 6 қыркүйек 1984 жылы дүниеге келген.

2001-2005 ж.ж. – Білімі жоғары. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Заң факультеті. Мамандығы «Кеден ісінің маманы». Үздік диплом.

2005-2007 ж.ж. – Білімі жоғары. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты. Мамандығы «Заңгер».

2005-2006 оқу жылынан бастап Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының Азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы.

2006 жылы- «Көшпелі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар» тақырыбымен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің ізденушісі.

2008-2009 оқу жылында Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институтының Құқықтану кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы.

2009 жылы 19 ақпанда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті жанындағы заң ғылымдарының кандидаты дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңестің мәжілісінде 12.00.01 құқық және мемлекет теориясы мен тарихы, құқық және саяси ілімдер тарихы бағытында «Көшпелі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар» тақырыбымен диссертация қорғалды.

2009-2020 жылдар аралығында Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің Құқықтану кафедрасының меңгерушісі.

2012 жылы Аймақтық менеджмент академиясының қауымдастырылған профессоры.

2013 жылы Аймақтық менеджмент академиясының профессоры.

2017 жылы «Дәстүрлі қазақ құқық жүйесіндегі қағидаттар» атты монография жарыққа шықты. Монография нәтижесі оқу процесіне енгізіліп «ҚР мемлекет және құқық тарихы» пәнінің лекциялары толықтырылды.

2017 жылдан бастап Жамбыл облысы Полиция Департаменті үміткерлерді іріктеу конкурстық комиссиясының мүшесі.

2021 жылдан бастап Жамбыл облысы прокуратурасы жанындағы консультатитвтік кеңестің мүшесі

Марапаттар:  29 желтоқсан 2013 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 5 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі және жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі елеулі табыстары үшін медальмен марапатталған. 26 желтоқсан 2018 жылы Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің 10 жылдығына арналған университеттің дамуына қосқан үлесі үшін медаль. 1 тамыз 2018 жылы Ғылым беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.

 

Факультет туралы

 

«Заң» факультеті 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап құрылды. Құрамына екі кафедра кіреді. «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» және «Азаматтық және қылмыстық құқық» кафедралары.

Факультет студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстарына жетекшілік жасайды.

«Заң»  факультетінің деканы өз жұмыстарында басшылыққа алады: 

- Қазақстан Республикасының Конституциясын;

- Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Ғылым туралы», Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңдарын;

- ҚР Үкіметінің және білім басқармасы органдарының білім мәселелері туралы қаулылары мен шешімдерін;

- Институттың жарғысын;

- факультет ережесін.

Факультетке қарасты:

1. Зертханалық – криминалистикалық зерттеулердің эксперименттік орталығы;

2.«Құқықтық зерттеулер және медиация» ғылыми-әдістемелік орталықтары;

3. Сот залы;

4. Криминалистік зертхана;

5. Жамбыл облысы Полиция Департаменті жедел-криминалистикалық басармасында кафедра филиалы;

6. ХТИИ «Заң» факультетіне қарасты клиника;

7. «Болашақ заңгер» атты студенттік үйірмесі.

Білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес кәсіптік практиканың базасымен екі жақты келісім шарт әр оқу жылының басында 1 жылға жасалады. 

Олар  2020-2021 оқу жылына:

1. Жамбыл облысы Полиция департаменті;

2. Жамбыл облысы жедел криминалистикалық басқармасы;

3. Тараз қаласы Полиция Басқармасы;

4. Таразқаласы № 1 ПБ;

5. Таразқаласы № 2 ПБ;

6. Жамбыл облыстық соты;

7. Жамбыл облысы бойынша кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соты;

8. Таразқалалық соты;

9. Жамбыл облысы Әділет басқармасы;

10. Жамбыл облысының нотариалдық палатасы;

11. Жамбыл облыстық адвокаттар алқасы;

12. Жамбыл облысы өнірлік жеке сот орындаушылар палатасы;

13. Жамбыл облыстық адвокаттар алқасының құрамы: «ДАД» адвокаттық кеңсесі;

14. «Бітімгер» медиация және құқық орталығы.

Білім беру ұйымы күндізгі, күндізгі қысқартылған, күндізгі қысқартылған қашықтықтан оқыту технологиясы оқу нысаны «құқықтану» мамандығы бойынша академиялық күнтізбеге сәйкес кәсіптік  практиканы  (дәстүрлі және онлайн форматта) өтеді.

Факультетте академиялық ұтқырлықты жетілдіру бойынша байланыстар:

1. Нұр-Сұлтан қаласы – «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттықуниверситеті»,

2. Туркия мемлекеті-«Каstamony» университеті.

3. Ч.Храбр атындағы Варнаның еркін университеті, Бургастың еркін университеті.

 

ФАКУЛЬТЕТ КЕЛЕСІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

6В04201  - Құқықтану (бакалавр);

7М04201- Құқықтану  (магистратура) (бейіндік 1-жылдық, ғылыми-педагогикалық 2-жылдық).