Кәсіпкерлік орталығы
Метерова Гульмира Кайратовна
Кәсіпкерлік орталығының жетекшісі, бизнес-тренер
Байланыс телефоны: +7 747 208 56 48
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Желтоқсан, 69Б
Кәсіпкерлік орталығының негізгі бағыттары, мақсаттары мен міндеттері
«Кәсіпкерлік орталығы» (бұдан әрі – КО) - Халықаралық Тараз инновациялық институтының (бұдан әрі-ХТИИ) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
КО институт президенті, ректоры және Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректордың басшылығымен қызметін атқарады.
Орталық жұмысының негізгі бағыттары:
- кәсіпкерлік орталығының, сонымен қатар бизнес-инкубатордың ағымдағы жұмысын ұйымдастыру және дамыту;
- білімгерлер ортасында кәсіпкерлік дағдыларды қалыптастыру және дамыту;
- институт оқытушылары мен білімгерлері жобаларын бизнес-инкубациядан өткізуге мүмкіндіктер жасау;
- инновациялық жобаларды қолдап, жылжыту;
- стартап мәдениетін қалыптастыру мақсатында хакатон, стартап-конкурстарға стартап-менеджерлер мен білімгерлерді щақыру;
- орталық жұмысын тиімді ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік ұйымдар, Атамекен Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен, басқа да стейкхолдерлермен ынтымақтастық келісімдерін жасау.
Орталық қызметі бойынша келесі мақсаттарды орындайды:
- орталықтың қызметін институттың мақсатты индикаторларына және стратегиялық жоспарына сай ұйымдастыру;
- заманауи ииновациялық, педагогикалық әдістер, тәсілдер мен технологияларды насихаттау және бизнес ортамен бірлесе отырып, ақпараттық-коммуникациялық байланыс орнату;
- институт білімгерлері, стартап-менеджерлер мен кәсіпкерлерге бизнес негіздері, гранттық бағдарламалар жөнінде жеке және топтық кеңес беру;
- кәсіпкерлікті насихаттау, студенттік ортада жаңа формациядағы кәсіпкер кейпін қалыптастыру;
- КО мен институт имиджын көтеру.
Орталық қызметі бойынша келесі міндеттерді орындайды:
- кәсіпкерлік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша бірыңғай ақпараттық, білім және кеңес беру орталығы рөлін атқарады;
- студенттік экожүйені қалыптастыру бойынша бағдарламаларға ат салысып, жүзеге асырады;
- өңірдегі кәсіпкерлік білім мен ойлауды қалыптастыруға үлес қосады;
- институт ішінде, өңірде және республикалық деңгейде кәсіпкерлік қауымдастықты қалыптастырып, дамытады;
- кәсіпкерлік дағдыларды және ойлауды қалыптастыру бойынша тренингтер өткізеді;
- қонақ дәрістері мен оқу үрдісіне кәсіпкерлік саласындағы сарапшыларды, кәсіпкерлерді шақырып, бірлесе жұмыс жасайды;
- орталық жобаларын дамытуға өз ұсыныстарын беріп, шаралар қолданады.