COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Эразмус

Эразмус

ЭРАЗМУС+ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҮШЖАҚТЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ СЕРІКТЕС ЖОО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАГИСТРЛІК БАҒДАРЛАМА ЖОБАСЫ

Ғылыми бағыты: ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ИНЖЕНЕРИЯ

 

Computational Life Sciences (CompLife) магистрлік бағдарлама жобасы заманауи пәнаралық трансұлттық қос дипломды магистрлік бағдарламасын құруға бағытталған.

Computational Life Sciences (CompLife) білім беру бағдарламасы Варна Еркін университеті (Болгария), Обуда Университеті (Венгрия) және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ғылыми жұмыстары және академиялық ұтқырлық тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Бұл жоба арқылы жаңа қосдипломдық халықаралық магистрлік білім беру бағдарламасы жасақталып, ғаламдық экожүйе мүшелері арасындағы байланыс нығайтылып, кәсіпкерлік үшін қолайлы жағдай жасалады (жаңа инновациялық кәсіпорындар, ғылыми зерттеулерге негізделген жаңа жұмыс орындары).

Жобаны іске асыру барысында бағдарламаны мемлекеттік аккредиттеу жөніндегі құжаттар дайындалады және университеттер ұлттық заң шығарушы органдарға (оның ішінде кейбір елдерде қашықтықтан оқыту нысанын аккредиттеу үшін) мақұлдауға өтінімдер бере алады.

Серіктес университеттер жаңа магистрлік бағдарлама бойынша магистранттарды оқытуды қаржыландыру үшін Erazmus+/tot 1-ге өтінім беру үшін CompLife жобаның нәтижелерін (трансұлттық команда, оқу құжаттамасы және әдістеме) пайдалана алады.

 

 

Қаржыландыру Еуропалық одақтан жүзеге асырылады. Дегенмен, айтылған көзқарастар мен пікірлер толығымен олардың авторларына тиесілі және міндетті түрде Еуропалық Одақтың немесе Білім және мәдениет жөніндегі Еуропалық Атқарушы Агенттіктің (EECEA) көзқарастары мен пікірлерін көрсетпейді. Олар үшін Еуропалық Одақ та, EECEA да жауапты емес.