ТАРИХЫ
- 2008 жыл –Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 10485-1919-У-е нөмірімен тіркелді; - 0806400101601 нөмірлі статистикалық картасы алынды; - 211500236592 нөмірімен салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті; - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет қызметін бастады.
- 2009 жыл – 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 нөмірлі мемлекеттік лицензиясы берілді; - университеттің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы әзірленді; университет жанынан «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.
- 2010 жыл – университет жоғары кәсіби жетістіктері үшін INSAM Institute Foundation (Женева) бойынша «Еуропалық гранттар» номинациясында үздік болып танылды.
- 2011 жыл – университет ISO 9001-2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.
- 2012 жыл – жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа берілді.
- 2014 жыл – университет базасында 3 га тәжірибелі жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды;
- 2015 жыл – университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан мемлекеттік аттестациядан табысты өтті; мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 795 бұйрығына сәйкес бакалавриаттың 28 мамандығы және магистратураның 12 мамандығы бойынша білім беру қызметінің АБ № 0064058 мемлекеттік лицензиясына 001 нөмірлі қосымшасы берілді;4 қабатты заманауи оқу ғимараты қолданысқа берілді.
- 2016 жылы – университет Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) институционалды аккредитациядан сәтті өтті; университет базасында корей және қытай тілі орталықтары ашылды.
- 2017 жыл – Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) бакалавриаттың 8 мамандығы мен магистратураның 7 мамандығы мамандандырылған аккредитациядан өтті; жалпы алаңы 1500 ш.м. заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.
- 2018 жыл – университеттің «Жаратылыстану» факультетіне жалпы ауданы 2012 ш.м. жаңа оқу-лабораториялық ғимараты пайдалануға берілді.
- 2020 жыл – 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді; «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы», «Электронды ату тирі» және виртуалдық оқу лабораториялары ашылды.
- 2021 жыл – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті өз қызметін білім беру саласындағы заманауи талаптарға сәйкес жаңа мәртебеде жалғастырып, Халықаралық Тараз инновациялық институты ретінде қайта тіркелді. Институт білім беру қызметіне сай 2021 жылдың ақпан айынан бастап №-10485-1919-М-Е мемлекеттік тіркеу куәлігін және №0064058лицензиясын иеленді.
- 2022 жыл – институт білім беру сапасын қамтамасыздандыру жөніндегі Тәуелсіз агенттігінде (IQAA) институционалдық халықаралық аккредиттеуден және 12 білім беру бағдарламасы бойынша халықаралық аккредиттеуден табысты өтті. - «Биология», «Агрономия-экология», «Агрономия», «Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламалары студенттерінің тәжірибе жинақтау мақсатында өсімдіктердің 100-ге жуық түрлері өсірілетін «Қысқы бақ» кешені қолданысқа берілді.