COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / БІЗ ТУРАЛЫ / Кәсіподақ

КӘСІПОДАҚ

Кәсіподақ ұйымы

 

Кәсіподақ – өндірістегі және өндірістен тыс салалардағы қызметкерлерді біріктіретін, өз мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін құрылатын ерікті ұйым. Ұйым қызметінің сипаты мен кәсіби мүдделерінің ортақтығына қарай ұйымдасқан азаматтардың бұқаралық ерікті қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Кәсіподақ ұйымдары азаматтардың еңбек қатынастарында, жұмыспен қамтылуға, жұмысқа қабылдауға және жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, жалақының мөлшеріне, тағы басқа да туындаған мәселелерін шешуде елеулі рөл атқарады.

Халықаралық Тараз инновациялық институтының Кәсіподақ ұйымында 200-ден аса мүшесі бар. Ұйымға Алимкулова Шырын Исламбекқызы жетекшілік етеді. Оқу орны қабырғасындағы әрбір іс-шара, жиынға ұйым тарапынан белсенділік танытып, атсалысып келеді. 

Суреттер

 

 

1 қазан күні Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Қарттар күніне арнап іс-шара өткізді. Бұл мерекелік шарада институттың дамуы мен студенттердің білім алуы жолында ұзақ жылдар еңбек еткен ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді. Оларға ақ дастархан жайылып, шынайы алғыс пен ізгі тілектер білдірілді. 

 

Шараның ашылуында институт басшылығы ардагерлердің институт тарихындағы маңызды рөлін атап өтті. Ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет етіп келе жатқан ардагерлер болашақ ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беруде өздерінің баға жетпес үлесін қосып келеді. 

 

Мерекелік кеш барысында Мықтыбек Жұмабаев пен Бекет Абдраков институттың 15 жылдық төсбелгісімен марапатталды. Бұл төсбелгі олардың институттың құрылған кезінен бастап атқарған жемісті еңбегін және оқу орнының дамуына қосқан зор үлесін мойындау ретінде табысталды. 

 

Сонымен қатар, ардагер ұстаздар Амантай Қарынбаев, Серік Тәжібаев, Жанат Сарыбекова, Алмасбек Белботаев, Бейбіт Жакашев, Елизавета Қойбақова, және Айдархан Сихаев«Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің құрмет грамотасымен марапатталды. Олардың білім саласына қосқан үлестері мен адал еңбектері жоғары бағаланып, одақ тарапынан ризашылық білдірілді. 

 

Сонымен бірге, институт президенті Нұржан Муслимов өз атынан Тұрсынәлі Тулеев, Балжан Тлепова, Мұқатай Немеребаев, Меңдібай Абиловжәне Ғали Исақовқа алғыс хат табыстады. Бұл марапаттар олардың оқу үдерісін жақсарту және институттың ғылыми әлеуетін арттыру жолындағы еңбектері үшін берілді. 

 

Бұл іс-шара ардагерлерге деген шексіз құрмет пен алғысты білдіріп қана қоймай, олардың білім ордасының қалыптасуындағы рөлі мен білім саласына қосқан елеулі үлесін айрықша атап өтті. Ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен даналығы қазіргі және болашақ ұрпақ үшін баға жетпес қазына болып қала беретіні сөзсіз.

 

 

Құрметті Қайрат Балабиұлы! Сізді бүгінгі туылған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға береке, қызметте абырой тілейміз! Жүрер жолыңыз ұзақ, шығар тауыңыз биік, көрер қызығыңыз мол болғай! Ізгі ниетпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Құндыз Мейірханқызы! Сізді туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгідей мерейлі сәтте сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас қайрат, отбасынызға баянды бақыт тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беріңіз, абырой-беделіңіз арта берсін. Ұжым сізді ақылы асқан басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, үлгі тұтады. Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз! Ізгі ниетпен ХТИИ ұжымы!

 

 

Еңбек демалысы кезінді ХТИИ ұжымымен Ыстық көлге барып демалу жыл сайынғы дәстүріміз!
ХТИИ әкімшілігіне алғысымыз шексіз!

 

Құрметті Марат Асылбекұлы және Мұрат Көшенұлы Сіздерді туылған күндеріңізбен  құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, қызметте абырой тілейміз! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Ақмарал Еділбайқызы сізді туылған күніңізбен құттықтаймыз! Өміріңіз көктемдей жарқын, жаздай жайдарлы болсын! Абыройыңыз асқақтап, мәртебеңіз биіктей берсін!  Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Жазира Айтжанқызы! Сізді туылған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасынызға береке тілейміз! Күн нұрындай жарқырып, жаздай жайнап, жүзіңізден күлкі кетпесін!  Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Гүльнара Мұратбекқызы! Сізді туылған күніңізбен құттықтаймыз! Сізге денсаулық, бақыт, ұзақ өмір тілейміз!  Алар асу, шығар биігіңіз көп болсын! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

 

Құрметті Адемі Еркебайқызы және Ботагөз Қалдыбекқызы сіздерді бүгінгі келіп жеткен туылған күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Қызыметте әрбір істеріңіз оң болып, абыройларыңыз асқақтай берсін! Еңбектеріңіз жанып, жемісін көріңіздер! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті Юрий Василеевич сізді мерейтой 85 жасыңызбен құттықтаймыз! Деніңізге саулық, отбасыңызға бақыт, қызметте мол табыс тілейміз! Ізгі тілекпен ХТИИ ұжымы!

 

Құрметті әріптестер! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге қызметте жетістіктер мен мол табыс тілейміз! Ізгі ниетпен ХТИИ ұжымы! Жаңа жыл мерекесіне орай жыл сайын ХТИИ қызметкерлерін жаппай сыйлықпен қуанту дәстүріміз!

 

Институт қызметкерлерінің балаларына арналған Жаңа жыл мерекелік кеші

 

Кәсіподақ ұйымының Ұстаздар күні мерекесімен құттықтауы

 

Институт Кәсіподақ төрайымы мен мүшелерінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өту салтанатынан көріністер

 

Институт Кәсіподақ төрайымы мен мүшелерінің Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын атап өту салтанатынан көріністер

 

Институтта жыл сайын ардагерлер күнінің мерекесі аталып өтуде

 

 «Қаржы және есеп» кафедрасының э.ғ.к., доценті Баян Рүстембекқызы 70 жас мерейтойын атап өтуде

Ұжымдық шарты

 

Ұжымдық шарты