Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академиялық кезеңге (білім беру немесе практикалық дайындықты қоса алғанда), семестрге немесе оқу жылына ел ішіндегі (ұлттық академиялық ұтқырлық) немесе шетелдегі (халықаралық академиялық ұтқырлық) басқа жоғары оқу орнына оқу немесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін ауысуы.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алады!
- магистранттар 2 - 3 семестр;
- студенттер 3-6 семестр;
- құжаттарды тапсыру кезінде академиялық және қаржылық қарыздары жоқ білім алушылар;
- оқу үлгерімі (GPA) 3,0-ден кем емес білім алушылар;
- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу;
.- халықаралық академиялық ұтқырлық үміткерлері үшін ағылшын тілін білу міндетті (алыс шетелде)
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Өтініш;
2. Транскрипт;
3. Факультет деканының атынан ұсыныс хат;
4. Бар болған жағдайда IELTS немесе TOEFL шет тілін білуін растайтын құжаттар (халықаралық академиялық ұтқырлық үміткерлері үшін);
5. Дипломдар, алғыс хаттар және сертификаттар (бар болған жағдайда);
6. Шетелдік паспорттың көшірмесі (халықаралық академиялық ұтқырлық үміткерлері үшін) және жеке куәлік;
7. Білім алушылардың келесі санаттарыға жататындығын растайтын құжаттар (бар болған жағдайда):
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – баланың ата-анасының жоқтығын растайтын құжат;
-бала кезінен мүгедектер және мүгедек балалар;
-көп балалы отбасылардан шыққан балалар – бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәлігі немесе бала асырап алу туралы сот шешімінің көшірмесі;
8. Жоспарланған семестрге арналған студенттің жеке оқу жоспары;
9. 3х4 сурет 4 дана.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына құжаттар жылына екі рет қабылданады.
1. 25 ақпаннан 30 наурызға дейін
2. 10 қазаннан 10 қарашаға дейін
Көрсетілген уақыт аралығында Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасына өтініш бере аласыз.
Мекен-жайы: Шерхан Мұртаза университетінің бас ғимараты, Желтоқсан көшесі, 69Б (202)
Сондай-ақ, төмендегі сілтеме арқылы құжаттарды бейне нұсқаулыққа қарап, онлайн жіберуге болады.
5. Шетелде академиялық ұтқырлық шеңберінде оқу конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау
https://www.htii.edu.kz/component/content/article/37-call-center/2265-memlekettik-yzmetter
Студенттердің академиялық ұтқырлығы