БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ
Алимбетов Абдугаффар Ваисбекұлы
Орталық жетекшісі
Байланыс телефоны: +7 701 165 2102
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Сатбаев 1А
Орталық туралы
«Білім беру технологиялар» орталығы -Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңын және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы «Білім беру ұйымдарына қашықтықтан оқытуды ұсыну жөніндегі талаптарды және қашықтықтан оқыту бойынша және жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша онлайн-оқыту нысанында оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» № 137 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында құрылып қызмет атқарады.
Орталықтың негізгі міндеті:1) денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар білім алушыларға;2) қатысу кезеңіне арналған халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстар мен фестивальдарға қатысушыларға қашықтан оқыту білім беру процесіне қатысушылардың орналасқан жеріне қарамастан қашықта, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып білім алушылармен өзара іс-қимыл негізінде жүзеге асырады.
«Білім беру технологиялары» орталығы қашықтан оқытуды халықаралық, республикалық оқу-жаттығу жиындарына, спорттық жарыстарға, зияткерлік және шығармашылық конкурстарға, фестивальдарға қатысушыларды білім алушының Институт басшысының атына жазылған өтініші бойынша қатысу мерзімдерін көрсетумен еркін нысанда жүзеге асырады.
«Білім беру технологиялары» орталығы бұрынғы «Инновация және қашықтықтан оқыту технологиясы» орталығының заңды мұрагері ретінде 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап құрылған. Орталықта жетекші, жетекші орынбасары және 3 әдіскерлер қызмет атқарады.
Орталық білім алушыларға оқу материалдарының электронды әдістемелік кешендері (дәріс мәтіндері, қорытынды бақылау тапсырмалары, тәжірибелік сабақ сұрақтары, бағалау кестесі ж.т.б.) мен контенттерін ұсынуды қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен оқытушыларға ең озық замануи педагогикалық білім беру әдіс-тәсілдері мен технологияларынжинақтауды, ұсыну мен оқытуды қамтамасыз етеді, олардың тиімді құралдары мен жетістіктерін зерделейді. Оқу процесстерін жобалауды және онлайн оқытудың платформаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
«Білім беру технологиялары»орталығы – білім алушының оқу процессіндегі үлгерімі мен қорытынды бақылау (емтихан) нәтижелерінтіркейтін жәнеоқу процесін ұйымдастыруға және бақылауға жауап беретін институттың құрылымдық бөлімі.
«Білім беру технологиялары» орталығы білім берудің академиялық процесстерінсандық форматта жүргізілуін, басқа құрылымдық бөлімдермен бірлесіп оқытушылар мен білім алушыларды цифрлық құралдарды пайдалануға оқытуды ұйымдастырады және жүргізеді. Сонымен қатар, өзіне тиісті бөлікте білім беру үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру мәселелерімен айналысады.
Білім алушыларды міндетті және таңдау пәндерімен қамтамасыз ету, жұмыс оқу жоспарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы білім алушыларға хабардар ету, олардың жеке оқу жоспарын құруға көмек көрсету;Білім алушыларға ағымдық оқу процессінде көмек көрсету, білім алушылардың академиялық рейтингтерін GPAжүргізу;Білім алушылардың оқуға қабылданғаннан бергі оқу жетістіктерін транскриптке енгізужәне қажеттілігіне орай сұранысқа байланысты транскрипттерді білім алушыларға беру;Білім алушылардың оқу процессіне қатысты деңгейде жеке деректерін жинақтау және олардың құпиялылығын қамтамасыз ету, білім алушылардың академиялық үлгерім жазбаларын (жиынтық ведомостар, транскриптер) сақталуын, жинаған баллдары мен кредиттері туралы ақпаратты жүргізеді.