АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ
Негізгі міндеттері
АСБ-ның атқаратын міндеттері:
- факультет деканаттарымен бірге оқу процесін ұйымдастыру;
- ҚР ҒЖБМ және институтта қабылдаған нормативтік базалармен оқу процесінде қолданылатын құжаттардың сәйкестігін қадағалау;
- оқу процесінің көрсеткіштерін жүйелі түрде талдау;
- кәсіби практикалардың өтуін ұйымдастыру және өткізілуін талдауға және бақылау;
- оқу үрдісінің оқу-әдістемелік және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
- оқытушыларының оқу жүктемелерін есептелуін бақылау және оның орындалуын жүйелі түрде талдау;
- оқу жылына профессор-оқытушы және оқу-көмекші құрамының штаттық кестесін дайындалуына қатысу;
- қосымша оқытушы құрамының қажеттілігін анықтау, сағаттық қорды бөлу және есепке алу;
- оқу – ғылыми зерттеу зертханаларының және басқа оқу аудиторияларының жаңа оқу жылына дайындығын ұйымдастыру;
- оқу процессі кестесін дайындау жұмысын бақылау және ұйымдастыру;
- қорытынды аттестация бойынша есеп жасау;
- институт түлектерінің жұмысқа орналасуын және жұмыспен қамту орталықтарымен байланысты ұйымдастыру және олардың қажеттілігін жинап талдау;
- оқу процессінің оқу-әдістемелік және техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін қадағалау;
- институт Ғылыми және Оқу-әдістемелік Кеңестеріне қажетті ақпаратты дайындау;
- Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес барлық білім беру бағдарламалары мен оқу түрлері бойынша оқу жұмыс жоспарларын дайындауды ұйымдастыру, кафедралардың пәндер тізімін бекітілуін қадағалау;
- бітірушілердің қорытынды аттестациясын қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыруға;
- аудиториялық қорды тиімді пайдалану және оқу процесін жүйелі жүргізу мақсатында диспетчерлердің оқу кестесін құру жұмысын реттеу және ұйымдастыру;
- оқу процессін жетілдіру мақсатында оқу-әдістемелік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;
- факультет, кафедралардың ғылыми-әдістемелік жұмыстарының ұйымдастырылуын бақылау;
- институтта баспадан шығатын оқу, оқу-әдістемелік құралдары бойынша жоспардың орындалуын қадағалау;
- Ғылыми, оқу-әдістемелік кеңестің оқу-әдістемелік сұрақтары бойынша шешімдерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- диплом жұмыстарының (жоба) тақырыптарын кафедра мәжілісінде, факультет кеңесінде қаралып әр бітірушіге бекітілуін қадағалау;
- АК, МЕК төрағасының кандидатурасын және мүшелерінің уақтысында бекітілуін қадағалау;
- АК, МЕК протоколдарының дұрыс толтырылуын тексеруді ұйымдастыру;
- АК, МЕК төрағаларының есептерін жинау;
- қорытынды аттестация есептерін дайындау;
- студенттерді, магистранттарды практикалық даярлаудың және институт түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесудің тиімді жүйесін құру. Институт біліктілігіне сәйкес өңіраралық, республикалық, шетелдік еңбек нарығын бейімдеу және игеру;
- ҚР ҒЖБМ нысаналы бағдарламаларын іске асыру, студенттерді практикалық даярлау және мамандық шеңберінде білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу;
- білім алушыларды даярлау саясатының икемділігін қамтамасыз ету мақсатында институт білім беру бағдарламаларының қажеттілігін тұрақты талдау және оларға сұранысты болжау;
- жұмыс ұзақтығын, мансаптық өсуді, алынған білімнің нақты сұранысқа сәйкестігін және т. б. қоса алғанда, түлектерді жұмысқа орналастыру процесінің және олардың еңбек нарығындағы одан әрі қозғалысының мониторингін жүргізу.
Негізгі функциялары
АСБ атқаратын жұмыстар: - институттың Академиялық саясатын құрастыру;
- институттың оқу процесін ұйымдастыру, жүргізу және қадағалау;
- бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша оқу бағдарламаларын, жұмыс оқу жоспарларын құрастырылуын ұйымдастыру;
- оқу жоспарларына және академиялық тізбелерге сәйкес оқу кестесін құрастыру;
- оқу жылына оқытушылардың оқу жүктемесін анықтау;
- оқу-әдістемелік материалдардың шығарылуын, жоспарлануын және орындалуын қадағалау;
- білім алушылардың аралық, ағымдық және қорытынды білімін бағалауды қадағалау;
- кәсіби практикалардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылау;
- оқу үрдісіне білім берудің жаңа активті және интерактивті әдістерінің енгізілуін бақылау;
- білікті мамандарды дайындау бойынша институт имиджін қалыптастыруға ықпал ету;
- түлектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындары туралы хабарландыруларды орналастыруда әлеуметтік желіні (Instagram, Whatsapp, facebook), институт сайттарын пайдалану (htii.edu.kz.);
- түлектердің түйіндемелерін орналастыру үшін enbek kz сайтын пайдалану;
- институт қабырғасында алған білімдеріне қанағаттану және түлектер туралы жұмыс берушілердің пікірлері туралы ақпарат алу мәселелері бойынша өткен жылдардағы түлектермен өзара байланыс;
- институттың білім беру бағдарламалары бойынша оқу бағдарламаларында білім алушылардың жоғары деңгейдегі дайындыққа адекватты кәсіби және мансаптық амбицияларды қалыптастыруға ықпал ету.
Құрамы
Сексенбаева Жанар Молдановна
Байланыс телефоны: +7 747 314 2580
E- mail.ru: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Штаттық кестеге сәйкес АСБ құрамы:
- басқарма басшысы;
- «Білім беру бағдарламаларын сүйемелдеу» сектор жетекшісі;
- «Білім беру бағдарламаларын сүйемелдеу» сектор маманы;
- «Қорытынды аттестаттау және дуалды оқыту» сектор маманы;
- «Студенттер мен бітірушілердің мансаптық өсу» сектор жетекшісі;
- «Түлектерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік практика» сектор жетекшісі;
-«Электронды диспетчерлік» сектор жетекшісі;
- «Электронды диспетчерлік» сектор аға диспетчері;
- «Электронды диспетчерлік» сектор диспетчерлері.