«АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» БАСҚАРМАСЫ
Тулеев Тұрсыналы Нахысбекович
Бөлім басшысы
Байланыс телефоны: +7 701 756 2596
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 69Б
АКТБ
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар басқармасы (АКТБ) институттың құрылымдық бөлімі. Басқарма білім беру және әкімшілік қызметтеріне ақпараттық технологияларды еңгізу үшін арналған.
АКТБ мақсаты - институттың өндірістік процесінде жаңа ақпараттық технологияларды еңгізу, Халықаралық Тараз инновациялық институтын «Цифрлық университет» моделіне ауыстыру концепциясын жүзеге асыру Жол картасының орындалуына қатысу, сонымен қатар:
• институтта бірыңғай ақпараттық кеңістік жасау, телекоммуникациялық желімен қоса ақпаратты жіберу жүйесінің жұмыс жасауын қамтамасыз етіп дамыту;
• институттың барлық құрылымдық бөлімшелер (деканаттар мен кафедраларды қоса) және компьютерлік кластарда техникалық қызмет көрсету, компьютерлік техниканы жөндеу және жаңарту, бағдарламаларды орнату, профилактикалық жұмыстар жасау;
• компьютерлік кластардың материалды құндылықтарын сақтау мақсатында қызмет көрсететін персоналмен қамтамасыз ету, студентермен қызметкерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша нұсқау беру;
• электрондық құжат айналымы жүйесінің жобасын іске асыру;
• әр түрлі аудиторияларға оқу процесін қамтамасыз ету үшін түрлі оқу жабдықтарын: стационарлық мультимедиялық кабинеттерді, лингафон зертханаларды, бейне, конференциялық байланыстарды, акустикалық жүйелерін орнату;
• оқу процесінде қолдануға арналған мультимедиялық материалдарды: фильмдер, аудио-видео дәрістер, цифрлық оқу құралдарды жасау, институт қызметі туралы жарнамалық материалдар мен бұқаралық ақпарат құралдарын құру;
• белсенді желілік жабдықты, VPN, Wi-Fi қосылымын икемдеу;
• талшықты-оптикалық байланыс желілерінің жаңа түйіндерін жобалау;
• Wi-Fi желісін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру, орындау және бақылау. Деректерді табыстайтын жаңа түйіндерін жоспарлау, әзірлеу және орнату. Желінің құрылымы мен деректерді табыстау түйіндерінің техникалық құжаттамасын құрастыру және сүйемелдеу;
• IT - қауіпсіздікпен ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
• кабельдік және сымсыз желілер жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және регламенттік жұмыстар жасау;
• нұсқаулыққа сәйкес компьютерлік және кеңсе жабдықтарына жобаланған сақтық, жөндеу және профилактикалық қызмет көрсету;
• компьютерлік техниканың тоқтап қалу мен жаңылуларын тіркеу және талдау, техникалық қызмет көрсету әдістерін жетілдіру;
• компьютерлік жабдықтың жұмысындағы ақауларды уақтылы жою мақсатында келісілген кестеге сәйкес жабдыққа сынақ тексерулерін жүргізу;
• компьютерлік техниканың техникалық құжаттарын сақтауды ұйымдастыру
• барлық деңгейдегі компьютерлік техниканы жаңғырту
• жаңадан келген компьютерлік техниканы қабылдау, орналастыру және пайдалануға беру жұмыстарына қатысу;
• жұмыс орнында техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарына қатысу.
АКТБ бес сектордан тұрады:
- Компьютерлік желілер жүйесімен техникалық қызмет көрсету секторы
- Студенттердің білім деңгейін тестілеу секторы
- Бағдарламалық қамсыздандыру секторы
- Қашықтан оқытуды дамыту секторы
- WEB-cайт секторы