ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ
Комитет төрағасы
Берді Ерасыл Сырымұлы
Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы
Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі мақсаты
Жастар ісі жөніндегі комитеттің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық өмірге белсенділікпен араласуы мен қоғамның жастар туралы көңілге қонымды, объективті пікірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, студент жастардың көшбасшылық қабілеттерінін арттыру бағытында жұмыс жасайды. Халықаралық Тараз инновациялық институты Жастар ісі жөніндегі комитеті өз қызметін ҚР «Білім туралы» Заңдарына, ҚР «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңдарына, ҚР Президентінің халыққа Жолдаулары мен ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жарғылары мен қаулыларына, ректорат пен Ғылыми Кеңес шешімдеріне сәйкес жұмыс атқарады. Институттың студент жастары өз кезегінде студенттік жиындарға қатысып, әкімшілікке ұсыныстар береді.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің міндеті:
Жастар саясатын жүзеге асыру;
Мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асу барысына институттың студент жастарының қатысуын қамтамасыз ету;
Интеллектуалдық жəне шығармашылық əлеуетті дамыту, студент жастардың өзін-өзі қалыптастыруына қол ұшын тигізу;
Институттың қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
Институт жастарының мəселелеріне қатысты сұрақтарға тəжірибелі жəне өзекті шешім табуда жоғарғы органдармен, жастар ұйымдарымен қатынас жасау.
Жастардың шығармашылығын арттыру мақсатында институтымызда Жастар ісі жөніндегі комитетімен бірге бір қатар жастар ұйымдары мен студенттік клубтар жұмыс атқарады. Атап айтатын болсақ:
Жастар ұйымдары:
1. Студенттік өзін-өзі басқару құрылымы (Студенттік ректорат)
2. «Алтын шаңырақ» студенттердің кіші ассамблеясы
3. "Sherkhan volnnteers" волонтерлар ұйымы
4.Қазақстан студенттер альянс ұйымы
5.Жастар рухы
Клубтар:
1. «Күлтөбе» пікір-сайысшылар клубы
2. Жайдарманшылар клубы
3. «Ізгілік» волонтерлар клубы
4. «Art Фото» фото әуесқойлар клубы
Үйірмелер:
1. "Ақ кербез" бишілер үйірмесі
2. «Талант» студенттік театр үйірмесі
3. Эстрадалық әншілер үйірмесі
4. Қазақ ұлт аспаптар оркестрі
Орталық:
"Айша" қыздар тәлім-тәрбие орталығы
Студенттік ректор
Болат Аққанат Саматқызы
БОПӘ 22-1- тобының студенті
Байланыс телефоны:
Студенттік ректораттың мақсаттары:
- Институттың беделін арттыру;
- Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
- Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына жәрдемдесу;
- Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
- Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;
- Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету;
- Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
Студенттік декандар
«Экономика және бизнес» факультетінің студенттік деканы ЕА 23-1 тобының студенті
«Жаратылыстану» факультетінің студенттік деканы БСЭ 22-3 тобының студенті
«Шығармашылық мамандықтар» факультетінің студенттік деканы ДШ 22-3 тобының студенті
«Заң» факультетінің студенттік деканы ҚҚ 22-3 окб тобының студенті