COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа /  кафедра / Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

Дене шынықтыру және спорт кафедрасы

ДЖЕКЕНОВ ПАХЫТ СУЛЕЙМАНҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі

Байланыс телефоны:+7 777 093 1818

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Кафедраның стратегиялық бағыты

 

- ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу сапасын көтеру - тиімділікті көтерудің қорын қолдану - оқу барысының стандартизациясы мен унификациясы - Қазақстанның жауапты топбасшылары жасампаз ойларын, аса өнегелі адам қалыптастыру, білікті басшыларды әр түрлі деңгей басшылығын тарту Жаһандану жолмен дамып жатқан замануи әлемінде халықаралық бәсекелестік жағдайларына жылдам бейімделу қабілетітабысты және тұрақты дамуының маңызды факторы болып қалыптасуда. Осы стратегиялық жоспарын жүзеге асыру жоғары білікті бітірушінің дайындығын қамтамасыз етеді – еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзіретті, жауапты, өз мамандығын еркін меңгерген, қызметтің аралас салаларында бағдарланған. Мемелекеттік стандарт деңгейінде тиімді жұмысқа қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге, әлеуметтік және кәсіби ұтқырлығына дайын. Ғылыми – зерттеу белсенділігін жоғарлатады. Іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерін жүргізу, грант, келісім шарттарды және тағы басқаларды жүзеге асыру. Аймақ деңгейінде инновациялық қызметті дамыту, инновациялық идеяларын, генерациялау. Мұның бәрі Республиканың білім беру мемкемелері арасында институтық тұрақты рейтінгісін, институттың имиджін жақсарту мен танып білуін жоғарлатуды қаматамасыз етеді.

Кафедра құрамы

 

Абдраков Бекет Кадыралиевич

Ғылыми дәрежесі: б.ғ.к.

Қызметі: Доцент, академиялық профессор

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Уразова Гульмира Мұратбекқызы

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: аға оқытушы 

E-mail: Gulmira69.05@ mail.ru

 

Бекбергенова Майра Нурлановна

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Танаев Қонысжан Толебаевич

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: аға оқытушы

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Мұсабеков Сауран Өміржанұлы

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Урстемов Ерік Бекжанович

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: аға оқытушы  

E-mail: 

 

Шилибаев Нурболат Аманжолович

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Есмахан Берік Ғабитұлы

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Мейірбеков Тілектес Қанатұлы

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Жұмағұл Ахмет

Ғылыми дәрежесі: ҚРЕСЖ

Қызметі: оқытушы  

E-mail: 

 

Сариев Арал Ушакбаевич

Ғылыми дәрежесі: ҚРЕСЖ

Қызметі: оқытушы  

E-mail: 

 

Жапаров Нурхат

Ғылыми дәрежесі: ҚРЕСЖ

Қызметі: оқытушы  

E-mail: 

 

Касымова Асель Дженисовна

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: аға оқытушы  

E-mail: 

 

Өтеген Руслан Қанатұлы

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: 

 

Ауезова Арайлым Еркиновна 

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: 

 

Сарсенов Жандос Бауыржанұлы

Ғылыми дәрежесі: магистр

Қызметі: оқытушы  

E-mail: 

 

Білім беру бағдарламалары

 

Бакалавриат

6В01402 – Дене шынықтыру және спорт

 

Біліктілік арттыру

 

2023-2024 ж. ПОҚ - тың біліктілік арттыру курстарынан өткен және жоспарлау туралы ақпарат

«Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 2019-2022 оқу жылына арналған профессор-оқытушылар құрамының біліктілікті арттыру жоспары және орындалуы

 

Кафедра жетістіктері

 

Австиряның Зальцбург қаласында өткен Халықаралық рейтингтік турнирде Ерлер арасында 75 кг салмақ дәрежесінде «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 3-курс студенті Сапарғалиев Асқар 3-ші орын иеленді. Құттықтаймыз!!!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институт студенттері "Мықтылар турнирінің" жеңімпаздары атанды. Қарағанды қаласында әйелдер арасында бокстан "мықтылар турнирінде" Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институт студенттері Алуа Балқыбекова ТЖКБ 24-1 тобының студенті 50 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Ал 52 кг салмақ дәрежесінде Цой Анжелика ЮР 21-2 тобының студенті мен 54 кг салмақ дәрежесінде Әлиасқар Сымбат Дш 21-1 тобы студенттері жүлделі орын иеленді. Құттықтаймыз!!!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы ФКС 24-2 тобының студенті Ли Юлия Турция мемлекті,Риза қаласында өткен Велогонка жарысында 1 орын иеленіп көк туымызды көкке көтерді. Құттықтаймыз!

 

 

Ханчжоу (Қытай) қаласында WKF каратеден ересектер арасында Азия чемпионаты өтті. Өткен сары құрлық додасына 30 елден 300 спортшы жиналды. Қазақстан намысын 19 спортшы қорғады. Ел құрама сапында Дене шынықтыру және спорт кафедрасының Дш-22-1 окб тобының студенті Биғабыл Жоламан 55 келі салмақта Алтыннан алқа тағып Әнұранымызды шырқатып Азия чемпионы атанды. 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға-оқытушысы, институттың қауымдастырылған проффесоры Танаев Қонысжан Толебаевич Астана қаласында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлы. Берекелі қоғам” атты Қазақстан халқына жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» атты Республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» аға-оқытушысы Танаев Конысжан Толебаевич мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтын «Адал адам- Адал еңбек-Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы білім беру жүйесіндегі құндылықтарды білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен
«ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауына катысып, жеңімпаз атанды.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедра меңгерушісі, доцент Джекенов Пахыт Сулейменович Ғылыми "I-ші Халықаралық кітап шығару проектінің жүлдегері" Қаныш Сатпаев ағамыздың медальімен марапатталып I-ші дәрежелі диплом табысталды.

 

 

Жапония елінің Токио қаласында 25-30 сәуір аралығында өткен(All Japan Tournament 2024) халықаралық жарысында  әйелдер  арасында біздің спортшы қызымыз «Дене шынықтыру және спорт» каферасының 2 курс студенті Кемельбекова Камила жүлделі 2 ші орынға ие болды. Құттықтаймыз!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар»факультеті «Дене шынықтыру және спорт»кафедра меңгерушісі,доцент Джекенов Пахыт Сулейменович мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтын «Адал адам- Адал еңбек-Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы білім беру жүйесіндегі құндылықтарды білім беру ұйымдарының педагогтері арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» атты республикалық байқауына катысып, жеңімпаз атанды.

 

 

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша өткен "Әулие-ата"лигасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының
«Шығармашылық мамандықтар»факультетіннен құралған Метеорит құрамасы жыл жаналығының иегерлері атанды.
Метеорит құрамасы өз алғысын:
Институтымыздың ректоры: Баяндин Марат Асылбековичке және «Шығармашылық мамандықтар» факільтетінің деканы: Курманбекова Айгул Саукымбековнаға өз алғыстарын білдіреді.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық инситутының "Дене шынықтыру және спорт" БББ студенттері 2024 жылдың 17-19 сәуір күндері аралығында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде "Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі" пәнінен 6В01402 "Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау " білім беру бағдарламасы бойынша XVI Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Жігер спорт клубының ұйымдастырумен Бампербол жарысы өтті. Студенттер арасында "Шығармашылық мамандықтар" факультеті 1 орын ға ие болды! 

 

«Дене шынықтыру және спорт»кафедрасының 1курс ДШ-23-9 тобының студенті Көшербай Асылхан олимпиада ойындарының чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған Халықаралық турнирде 67 кг салмақ дәрежесінде 1 орын алды!!!

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар»факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының 1 курс студенті Кенжетай Бейбарыс Қостанай қаласында өткен кикбоксингтен 2006-2007 ж.т жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында Фулл-контакт бөлімінде 54 салмақ дәрежесінде 2 орын иеленді.

 

Дене шынықтыру және спорт мамандығының 3 курс студенті Абдулла Ермек “Тобыл” командасы құрамында Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Суперкубогының иегері атанды!

“Ордабасы” және “Тобыл” командалары арасындағы матч Түркияның Анталья қаласында өтті.

 

 

Алғыс айту күні және Халықаралық әйелдер күні мерекелеріне орай “Жігер” спорт клубының ұйымдастыруымен боулингтен жарыс өтті.

Сайысқа Шерхан институтының профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінен құралған 11 команда қатысты. Нәтижесі төмендегідей:

1 “Шығармашылық мамандықтар” факультеті
2 “Әкімшілік” командасы
3 “Педагогика” факультеті

 

Атырау қаласының ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қасанғалиев Сүндеткерей Құбайұлының жүлдесіне арналған ашық республикалық турнирінің 57кг жастар арасында Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Дене шынықтыру және спорт»кафедрасының 1 курс студенті Кенжетай Бейбарыс жеңімпаз атанды.

 

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 15 жылдығына орай облыс деңгейінде «Спорттық-бұқаралық жұмыстар» орталығының ұйымдастыруымен волейболдан мұғалімдер арасында турнир өтті.

Турнирге 6 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Турнир қорытындысы:
I-орын: Меркі ауданы
II-орын: Шерхан институты
III-орын: Жаңатұрмыс ауылы

Турнирдің үздік ойыншылары:
Үздік үйлестіруші - Утегенов Жасұлан
Үздік шабуылшы - Тойлыбаев Есқали
Үздік қорғаушы - Ақылбаев Ерсайын

Сонымен қатар, жүлделі орын алған командалар мен үздік ойыншылар арнайы алхысхат, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды!

 

 

 

 

 

АТАҚТЫ СПОРТШЫЛАР «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері Әлемдік және республикалық спорт біріншіліктерінде чемпион атанып, жүлделі орындарға қол жеткізіп жүр. Әлем чемпионы, біздің мақтанышымыз, ДШ-19-1 тобының студенті Баймұратов Дінмұхамед, ДШ-20-1 тобының студенті Ынтықбай Жансая, Белбеу күресінен Әлем чемпионатында2орынды еншіледі, VII «Ақ бидай» республикалық ауыл спорты ойындары, ДШ 20-15 тобының студенті Уралбаев Талант кикбоксингтен жүлделі 1-орынды иеленді.ФКС-19-2 тобының білімгері Азизов Рамазан "Каратэ-до" спорт түрінен жүлделі 3-орынды иеленді және жүлдегерлеріміз Гафуров Рамазан, Гафуров Нурсултан, Шарап Айбек, Балтабай Бекнұр, Әлиасқаар Сымбат, Нұрмахан Ербол, Бижанов Дамир, Сапарғалиев Аскар, Турсынбекова Айгерім, Төреғали Самал, Мухамеджан Аиша, Алимхан Асель, Курмантаева Альнура, Талғат Нұртілеу Нұрланұлы, Орынбасар Мейірім Сәбитханқызы атап айтуға болады.

• 2008 жыл – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облыстық әділет басқармасында 10485-1919-У-е нөмірімен тіркелді; 0806400101601 нөмірлі статистикалық картасы алынды; 211500236592 нөмірімен салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеуден өтті; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-шілдедегі №804 бұйрығы негізінде университет қызметін бастады.

• 2009 жыл – 28 бакалавр және 12 магистратура мамандықтары бойынша білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін АБ 0064058 нөмірлі мемлекеттік лицензиясы берілді; университеттің 2011-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясы әзірленді; университет жанынан «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды.

• 2010 жыл – университет жоғары кәсіби жетістіктері үшін INSAM Institute Foundation (Женева) бойынша «Еуропалық гранттар» номинациясында үздік болып танылды.

• 2011 жыл – университет ISO 9001-2008 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады.

• 2012 жыл – жаңа әкімшілік оқу ғимараты қолданысқа берілді.

• 2014 жыл – университет базасында 3 га тәжірибелі жер телімі бар Агробиологиялық ғылыми-зерттеу институты құрылды;

• 2015 жыл – университет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тарапынан мемлекеттік аттестациядан табысты өтті; мемлекеттік аттестаттаудың нәтижелері бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2015 жылғы 03 маусымдағы № 795 бұйрығына сәйкес бакалавриаттың 28 мамандығы және магистратураның 12 мамандығы бойынша білім беру қызметінің АБ № 0064058 мемлекеттік лицензиясына 001 нөмірлі қосымшасы берілді;4 қабатты заманауи оқу ғимараты қолданысқа берілді.

• 2016 жылы – университет Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) институционалды аккредитациядан сәтті өтті; университет базасында корей және қытай тілі орталықтары ашылды.

• 2017 жыл – Қазақстандық «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде» (IQAA) бакалавриаттың 8 мамандығы мен магистратураның 7 мамандығы мамандандырылған аккредитациядан өтті; жалпы алаңы 1500 ш.м. заманауи спорттық-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

• 2018 жыл – университеттің «Жаратылыстану» факультетіне жалпы ауданы 2012 ш.м. жаңа оқу-лабораториялық ғимараты пайдалануға берілді.

• 2020 жыл – 7 130,6 ш.м. болатын 500 орындық Студенттер үйі қолданысқа берілді; «Инклюзивті білім беру және психологиялық қолдау көрсету орталығы», «Электронды ату тирі» және виртуалдық оқу лабораториялары ашылды.

 

21-23 ақпан айында Алматы қаласы "Қазақ спорт және туризм академиясының" ұйымдастыруымен өткен XIV Республикалық "Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі" пәндік олимпиада Дене шынықтыру және спорт мамандығың 3 курс студенттері жалпы командалық III орынды иеленді.

Ғылыми тәжірибелік іс-шаралар

 

Баспадан шыққан монографиялар, оқулықтар және оқу құралдары

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, «Шығармашылық мамандықтар»  факультетінің ұйымдастырумен  08 сәуір 2024 жылы Жамбыл облысының 85-жылдығына  және Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының 15-жылдығына орай «Ғылым мен білім беру жүйесінде интерактивті  әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігі» тақырыбындағы облыстық workshop өтті.

Workshop мақсаты: Ғылым мен білім беру жүйесінде интерактивті  әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шығармашыл, кәсіпкер тұлғаны қалыптастыру.

Облыстық семинарға Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Марат Асылбекұлы Баяндин, Стратегия, ғылым-инновация және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы,  Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасының  басшысы Қожамжарова Ләтипа Сейдахметқызы, «Шығармашылық мамандықтар»  факультетінің деканы Айгүл Сауқымбековна Курманбекова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Музыка және көркемдік білім» кафедрасының аға оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гиназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Тараз қаласы, Шона Смаханұлы атындағы  №44, №31 мектеп, Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектеп-гимназиясы, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының №3 "Мейірім"арнайы мектеп-интернаты, №53 Қ.Тұрысов атындығы  мектеп гимназиясы, С.Қ. Нұрмағанбетов атындығы №10 орта   мектептерінің көркем еңбек  пәнінің мұғалімдері, және облыс  мектептерінің мұғалімдері қатысып, шеберлік-сыныбында өзінің озық идеясы мен  оқу-әдістемелік шеберліктерімен бөлісіп, құнды баяндама жасап интерактивті  әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы шығармашыл, кәсіпкер тұлғаны қалыптастыру бойынша, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

​Семинар жұмысының соңында  құнды баяндама жасап, іс-тәжірибелерімен бөліскен қатысушыларға  алғыс хат табысталды.

 

 

2023 жылғы 27 наурыздан – 7 сәуір аралығындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған «Дене шынықтыру мұғалімінің кәсіби құзыреттілігі мен тәжірибесін жетілдіру» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстарын Жамбыл облысына қарасты Меркі және Т.Рысқұлов аудандарында өткізуге институтымыздың профессор-оқытушыларын, ҚРОАМ. «ҰҒ-ПДТО» РМҚК келген хатына байланысты өткізілетін сабақ кестесіне сәйкес 27 наурыз күні Меркі ауданына қарасты Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте Курманбекова А.С., Шилибаев Б.А. және Т.Рысқұлов ауданына қарасты Абай орта мектебінде Елубаева Р.С., Фатикова Н.А. алғашқы дәріс сабақтарын өткізді. Осы іс-барысында кәсіби бағдар жұмыстарында атқаруда.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты 2023 жылғы Наурыз мерекесін дәстүрлі түрде ұлттық ойындармен, түрлі қойылымдар және қызықты концерттік бағдарламалармен атап өтті. Тараз қаласының тұрғындары мен қала қонақтары «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешеніне жиналып, онда киіз үйлер тігіліп, ұлттық құндылықтарымызды таныстырдық.
Институт ұлттық спорт түрлері бойынша садақ ату, асық ату оның ішінде «Үшбас» спорттық асық ойынынан жарыстар ұйымдастырды. «Үшбас» спорттық асық ойынының авторы Шилібаев Бекболат Аманжолұлы ойынды халыққа таныстырып, жарыс ұйымдастырды. Бұл ойындарды облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің өзі ойнап, диплом иеленді және институт президенті Ерболат Саурықовта қызыға ойнады. Ойынға қызығушылықтарын білдірді, сәттілік тілеп жалпы Наурыз мерекесімен халықты құттықтады.

Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының мәжіліс залында Білім беру жүйесін жаңғыртудағы дене шынықтыру және спорт мамандарының теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту: өзектілігі мен болашағы атты облыстық ғылыми практикалық конференция жұмысы бастау алды.

Шараға Шерхан институтының вице-президенті Аскар Абдуалы, ректор Марат Баяндин қатысып сәттілік тіледі.

30.05.2022 жыл "Шығармашылық мамандықтар" факультетінің "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасы 5В010800- Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс студенттеріне диплом алды қорғау жұмыстары жүргізілуде.

ХТИИ. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары 1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты Т. Рысқұлов саябағында ұлттық ойын «Үшбас»  спорттық асық ойыны балаларға таныстырылып, ережелері ойнау тәртібі, даму жолы туралы ойын авторы әңгімеледі. Халықаралық Тараз инновациялық институты "Дене шынықтыру және спорт" мамандығының ұстаздары  қала тұрғындарына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

Кәсіби бағдар

 

Институтымыздың «Шығармашылық мамандықтар» факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» және «Бастапқы әскери дайындық және Шығармашылық мамандықтар» кафедралары 2024 жылдың 24 сәуірінде Сарысу ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарын атқарып келді. Кәсіби бағдар беру жұмыстарын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Сарысу ауданының білім бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінен бастап, осы ауданға қатысты мектеп-гимназия-лицей 11 сыныптары және ақпаратты бөлісіп және оқытушыларға ұлттық ойындарын таныстырып, эстафеталық жарыстар өткізілді.
Ауданда 25 мектеп бар, оның 5 – і Жаңатас қаласында, қалғандары ауылда. Кәсіптік жұмыс жүргізген оқытушылар: Танаев Қ.Т., Арынтаева Қ.Д., Мейрбеков Т.Қ., Ескермес Д.Е. Жоспарланған мектептер бойынша кафедра даярлайтын мамандықтар бойынша орта кәсіптік және жоғары білімнен кейін оқуға түсетін талапкерлер үшін кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Осы жоспардың негізінде Жаңатас қаласы А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, М.Әуезов. Абылайхан атындағы орта мектептерінде, кафедраның оқытушылары Танаев Қ.Т., Арынтаева Қ.Д., Мейрбеков Т.Қ., Ескермес Д.Е. аталған мектептеріне кәсіби бағдар жұмысын өткізді.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновацияльқ институты «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің "Дене шынықтыру және спорт" кафедрасының аға оқытушылары Танаев Қ.Т. және Арынтаева Қ.Д.,Ескермес Д.Е. 2024 жылдың 13 наурызында «Талапкер-2024» бағдарламасы бойынша Тараз қ. Д.М. Карбышев атындағы №16 мектепте кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу барысында 11 сынып (орыс-қазақ) оқушыларына оқу орнымыздың жетістіктері мен алдағы жоспарлары және қандай білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындайтыны жөнінде мағлұмат берілді. Сондай-ақ,талапкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауаптар берілді. Кәсіби бағдар жұмыстарының жүргізілуі толығымен фотосуретке түсіріліп, оқу орнымыздың сайтына салынды.

Қосымша:
1. Алдағы уақыттарда оқу орнымыз бен орта білім беру мекемелерінің арасындағы пәндік байланыстарды нығайту мақсатында спорттық ойындар эстафеталық сайыс жүргізілді

 

 

23.02.2024жылы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Шығармашылық мамандықтар» факультетіне қарасты білім беру бағдарламаларының ұйымдастырумен Тараз қаласындағы №44 Ш.Смаханұлы атындағы орта мектебінде «Мамандығым-мақтанышым» тақырыбында кәсіби бағыттау іс-шарасы жүргізілді. Іс-шара мектептің акт залында өткізіліп, мектеп директоры С.М. Иманбекова, директордың бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары А.Е.Ерғалиқызы., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.Р.Райкулов., сынып жетекшілері Н.Тоқтаған., М.Джумагулиев., С.Ибраймова, Қ.Бисенбаев, Э.Ахметова., Ж. Байлиева., А. Мамешова және 9, 11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара барысында оқушыларға институт жайлы толық мәліметтер айтылып, видеоролігі көрсетілді, сонымен қатар «Көркем еңбек және сызу» білім беру бағдарламасының студенті Әбумансұр Тұрар өзінің институт қабырғасында жеткен жетістіктері мен жасаған еңбектері, туындалары туралы видеоролик көрсете отырып, институттың студенттер үшін барлық жағдайлар жасалғандығын айтып, оқушылардың қызығушылығын оятты. «Кәсіптік оқыту» білім беру бағдарламасының студенттері концерттік бағдарламаларын «Флешмоб», ұлттық бұйымда тігілген сәндік киімдер коллекциясын көрсетсе, «Бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері «Қоян-қолтық» айқас жаттығу өнерлерін көрсетті. «Денешынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының аға оқытушы Б.Шилибаев авторлық жұмысы асық ату, шерту ойынын насихаттай отырып, мұғалімдер мен оқушылар арасында ойын ұйымдастырып, жеңімпаз мұғалім мен оқушыларды марапаттап өтті.
Кәсіби бағыттау жұмысы соңында оқушыларға үлестірме таратпа материалдар беріліп, институт жайлы қызықтырған сұрақтарына жауаптар берілді.

 

Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Шығармашылық мамандықтар» факультеті «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының деканы А.С. Құрманбекова және оқытушылар құрамы  14.02.2024 жылы,Тараз қаласындағы Ы.Сүлейменов атындағы № 37 орта мектебінде кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді.

 

15.02.2024 ж. Тараз қаласының № 20 орта мектебінде 11-ші және 9-шы сынып оқушылары Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмыстары бойынша іс-шаралар атқарылды. Мектеп оқушыларына «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы А.Курманбекова институт туралы толық мәлімет беріп, таныстырды. Оқушылар арасында сұрақ қоюшылар көп болды. Мектеп оқушыларымен «Үшбас» спорттық асық ойынының авторы Б.Шилібаев ұлттық ойындардан ұлдар арасында «Асық шерту» және қыздар арасында «Бес асық» түрлерінен жарыс өткізілді. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушылары: Танаев К., Шилибаев Н., Арынтаева Қ, Алимбаев М, Кеңес С, Ескермес Д. мектеп оқушыларымен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Мектеп мұғалімдері Ж.Жоралбаева, А.Унербекова, Хожамбергенов Назарбай және кәсіби бағдарға жауапты Мейрамкуль Куанышбаевнамен ұлттық ойындарды талдап, оқушыларға және ұйымдастырушы мұғалімдерге диплом, алғыс хаттар берілді.

 

2024 жылдың 16-шы ақпан күні Тараз қаласының № 60 орта мектебінде 9-10-11-ші сынып оқушылары Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмыстары бойынша іс-шаралар атқарылды. Мектеп оқушыларымен «Үшбас» спорттық асық ойынының авторы Бекболат Шилібаев ұлттық ойындардан ұлдар арасында «Асық шерту» және қыздар арасында «Бес асық» түрлерінен жарыс өткізілді. «Қазақ шаңырағы» инновациялық-логикалық танымдық ойынын таныстарды. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Нурболат Аманжолұлы мен мектеп директоры Мырзахат Зәуре Мазтайқызы, мектеп мұғалімдері Хамитов Сакен Сейфуллаевич және кәсіби бағдарға жауапты Қошқарбаева Райханмен ұлттық ойындарды талдап, оқушыларға және ұйымдастырушы мұғалімдерге диплом, алғыс хаттар берілді. 2024 жылдың 16-шы ақпан күні Тараз қаласының № 60 орта мектебінде 9-10-11-ші сынып оқушылары Шерхан Мұртаза атындағы ХТИИ-ның «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмыстары бойынша іс-шаралар атқарылды. Мектеп оқушыларымен «Үшбас» спорттық асық ойынының авторы Бекболат Шилібаев ұлттық ойындардан ұлдар арасында «Асық шерту» және қыздар арасында «Бес асық» түрлерінен жарыс өткізілді. «Қазақ шаңырағы» инновациялық-логикалық танымдық ойынын таныстарды. «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Нурболат Аманжолұлы мен мектеп директоры Мырзахат Зәуре Мазтайқызы, мектеп мұғалімдері Хамитов Сакен Сейфуллаевич және кәсіби бағдарға жауапты Қошқарбаева Райханмен ұлттық ойындарды талдап, оқушыларға және ұйымдастырушы мұғалімдерге диплом, алғыс хаттар берілді.

Ш.Мұртаза ат. ХТИИ-ның қауымдастырылған профессоры
Шилібаев Бекболат Аманжолұлы

Дуалды оқыту

 

Дуальды оқытуды ұйымдастыру туралы ереже 

Дуальды оқыту кафедрасының филиалы туралы ереже