"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ" КАФЕДРАСЫ
Кафедра туралы
«Тарих және география» кафедрасы 2022 жылдың қырқүйек айында құрылған. Қазіргі таңда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес білім берудің 6В01602-«Тарих», 6В01501- «География» бакалавры және 7М02-«Тарих» магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауды жүзеге асырады. 2022 жылдың 1 қырқүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін PhD Мырзабеков Жамбыл атқаруда.
Білім беру бағдарламасының білімнің бейіндік салаларында бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз ететін білікті профессорлық-оқытушылық құрамы бар. ББ ПОҚ сапалық және сандық құрамы бойынша көрсеткіштер-санаттар бойынша Тарих және География (штаттық, ПОҚ қоса атқаратын) біліктілік талаптарына, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламасының, кадр саясатының және дамыған институт бағдарламасының мақсаттарына сәйкес келеді.
6B01602 – "Тарих" білім беру бағдарламасын іске асырудағы басты ресурс профессор-оқытушылар құрамы болып табылады. Қазіргі уақытта "тарих"ББ ПОҚ құрамына 3 тарих ғылымдарының докторы, 1 ғылым кандидаты кіреді, бұл жалпы дәреженің 61% құрайды.
6В01501-"География" білім беру бағдарламасының ПОҚ сапалық құрамы оның бейініне сәйкес келеді. 6В01501 "География" білім беру бағдарламасын іске асырудағы басты ресурс профессор-оқытушылар құрамы болып табылады.
Қазіргі уақытта "География" ББ ПОҚ құрамына 4 ғылым кандидаты, 2 магистр кіреді, бұл жалпы дәреженің 67% - профильін құрайды. Соңғы 5 жылда мамандыққа қызмет көрсететін ПОҚ дәрежесінің пайызы 50-61 құрайды %.
Кафедра құрамы
Білім беру бағдарламалары
Бакалавриат
Магистратура
Элективті пәндер каталогы
«Тарих және география» кафедрасы білім берудің келесі деңгейлері үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес бакалаврлар мен магистрлерді дайындайды:
6В01501-«География» білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының мақсаты: Кәсіби педагогикалық қызмет саласында цифрлық құзыреттілікке ие және қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті география мұғалімдерін даярлау.
Білім беру бағдарламасының міндеттері:
- қоғамның әлеуметтік тапсырысына және әлемдік білім беру стандарттарына сәйкес болашақ география мұғалімдерін сапалы кәсіби даярлауды қамтамасыз ету.
- жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында негізгі, жалпы кәсіптік, кәсіптік құзыреттер жүйесін қалыптастыру.
-физикалық, рухани және интеллектуалдық өзін-өзі дамыту әдістерін меңгеру, психологиялық сауаттылықты, ойлау және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.
- күрделі көп деңгейлі мәселелерді шешу, топта және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, көшбасшылық пен ынтымақтастыққа дайын болу.
Бакалавриат түлегі келесі қызметтерді атқара алады:
- география пәнінің мұғалімі;
- жаратылыстану пәнінің мұғалімі;
- өлкетану пәнінің мұғалімі;
- экология пәнінің мұғалімі.
ЖОО бітірушісінің жалпы құзыреттілігі жалпы білімділікке, әлеуметтік-этикалық құзыреттілікке, экономикалық және ұйымдастыру-басқару құзыреттеріне, арнайы және басқа да құзыреттерге қойылатын талаптар негізінде қалыптасқан.
6В01602-«Тарих» білім беру бағдарламасы
Білім беру бағдарламасының басты мақсаты - білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері мен білім беруді дамыту үшін қажетті инновациялық технологиялар дағдыларын меңгерген жоғары білікті тарих мұғалімдерін даярлау.
Білім беру бағдарламасының басты мақсаты: - тарих білімінің мазмұнын мен құрылымын жетілдіру;
- студенттердің әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру: өз мамандығына деген ынтасын арттырып, отансүйгіштік, ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, төзімділік азаматтық қарым-қатынас жасай білу, олардың жалпы ойлау қабілетін арттыру және т.б.;
Бағдарламаның міндеттері:
- тарих білімінің мазмұнын мен құрылымын жетілдіру;
- оқушылардың әлеуметтік және жеке қасиеттерін қалыптастыру: өз мамандығына деген ынтасын арттырып, отансүйгіштік, ұйымшылдық, еңбексүйгіштік, жауапкершілік, төзімділік азаматтық қарым-қатынас жасай білу, олардың жалпы ойлау қабілетін арттыру және т.б.;
Кәсіби қызмет түрлері:
6В01602-Тарих мамандығы бойынша білім беру бакалавры кәсіби қызметтің келесі түрлерін орындай алады: ұйымдастырушылық және басқарушылық, эксперименталды зерттеу, тәрбиелік, оқу-технологиялық, оқыту және тәрбиелеу, мұрағатшының көмекшісі, әлеуметтік-педагогикалық;
Кәсіби қызмет саласы:
Білім бакалавры 6В01602- Тарих білім беру саласында өзінің кәсіби қызметін мектептерде, колледждерде, лицейлерде, гимназияларда жүзеге асырады.
6В01602 – Тарих білім беру бағдарламасын толық меңгерген түлектер жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) және қосымша кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады.
Біліктілікті арттыру
«Тарих және география» кафедрасы профессор-оқытушылар құрамынның кәсіби біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс істейді. Кафедраның әрбір оқытушысы жыл сайын түрлі кәсіби курстарда, семинарларда, тренингтерде біліктілігін арттырады. 2019-2020 оқу жылында 11 сертификат, 2020-2021 оқу жылында – 12 сертификат, 2021-2022 оқу жылында 18-дан астам, 2022-2023 оқу жылында 10-нан астам, 2023-2024 оқу жылында 16-дан астам сертификат алды. Ағылшын тілін оқытуға, оқытудың инновациялық әдістері бойынша біліктілікті арттыру курстарына және бейінді пәндер бойынша біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бірқатар пәндерді оқытушылар ағылшын тілінде жүргізеді.
Кафедра жетістіктері
Ашық сабақтар
27.10.2023ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетіне қарасты «Тарих және география» кафедрасының гуманитарлық ғылымдар магистірі, аға оқытушы Перизат Турдаакыновна «Археология» пәні бойынша «Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ескерткіштері» тақырыбында ТАР-23-1 тобына институт деңгейінде (практикалық) ашық сабақ өтті.
Оқытушы сабақтың мақсатын яғни Беғазы-Дәндібай ескерткіштерін,тұрақтарын,ерекшеліктері мен архелогиялық қазба жұмыстарының маңыздылығын айқындау деп атап өтті.Сабақ жоспарына сәйкес кластер әдісімен білім алушыларды Қола, Беғазы, Дәндібай топтарына бөлді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмалар бойынша архелогиялық қазба жұмыстарының макетін жасап,қорғап шықты.
Сонымен қатар, оқытушы білім алушылардан карта бойынша жұмыс жасауды пысықтап өтті. Сабақты тест сұрақтарымен қорытындылап,білім алушыларды бағалады. Ашық сабаққа «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Ж.Е.Мырзабеков кафедраның ПОҚ-ы және «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы Палли Рашидқызы қатысты. Сарапшылар пәннің оқу-әдістемелік жабдықталуын, сабақ барысында инновациялық тәсілдер қолдануын, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігін бағалады.
23.11.2023 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультетінің «Тарих және география» кафедрасының магистрі, оқытушы М.Н.Тоқбаева «Елтану» пәні бойынша «Солтүстік Америка материгіне жалпы сипаттама. Американың ашылу және зерттелу тарихы» тақырыбында ТАР-20-1 тобына факультет деңгейінде (практика) ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсатын Солтүстік Америка тарауы бойынша білімдерін пысықтау және тереңдету, ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, өздік және шығармашылық жұмыстарды жасауға, пәнге деген қызығушылықтарын ашып көрсету. Сабақ жоспарға сәйкес өз мақсатына жетті.
Студенттер өздеріне берілген тапсырмалар бойынша Солтүстік Американың картасын пазл әдісі бойынша құрастырып, материктің елдеріне сипаттама беріп, қорғап шықты. Сабақты кахут әдісімен қорытындылап, білім алушыларды бағалады. Ашық сабаққа «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Ж.Е.Мырзабеков кафедраның ПОҚ-ы және «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы Палли Рашидқызы қатысты. Сабақта инновациялық әдістер қолданылып, жоғары деңгейді өтті.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Тарих және география" кафедрасының аға оқытушысы А.Б.Тансыкова 24.11.2023ж. институт деңгейінде Қазақстан тарихы пәнінен Шт-23-1 тобының студенттерімен "Мемлекттік құрылыстың кеңестік үлгісінің іске асырылуы" тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақта жаңартылған білім беру, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып, мәдени және кәсіби құзыреттілікке ие, жоғары білікті маман екенін көрсете білді. Ашық сабақ өте жоғары деңгейде өтті.
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты «Жаратылыстану» факультеті «Тарих және география» кафедрасы г.ғ.к Ботбаев А.К. Гео-21-1 тобына "Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы" пәнінен "ҚР-ның халқы, халқының өсу динамикасы мен құрамы" атты тақырыпта ашық сабақ (лекция) өтті.
Сабақ барысында Қазақстан халқының көп ұлтты болып қалыптасу кезеңдеріне көбірек тоқталып өтті. Қазақ даласына әртүрлі халықтардың қоныстану кезеңдері мен себептерін, әрбір келген халықтың жергілікті қазақ халқына ықпалын ашып талдады. КСРО кезіндегі Қазақстанға қоныс аударған халықтың келген себептері мен қоныстанған территорияларын және олардың шаруашылығын түсіндірді.
Сабақта картаны пайдаланып, халықтың көші-қон бағытын көрсетті. Сабақтың мақсаты, міндеті көрнекілігі слайдпен берілді.
Сабақ жақсы, жоғары деңгейде өтті.
Практика және дуалды оқыту
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Жаратылыстану» факультеті, «Тарих және география» кафедрасына қарасты 6В01501-«География», 6В01602-«Тарих» білім беру бағдарламаларының 2,3,4 - курс студенттерімен «Психологиялық-педагогикалық», «Оқу-тәрбие педагогикалық», «Педагогикалық» практикасының ашылу конференциясы өткізілді. Жетекшілік ететін оқытушылар студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік нұсқаулықтармен таныстырылды.
Практика барысында студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, теориялық білім мен практика арасындағы байланысты орнатуды, адамның өмірлік іс-әрекетінде әртүрлі жағдайдағы психологиялық, педагогикалық білімді бақылау мен талдауға ұсыныстар беру, педагогикалық ой-өрісін кеңейту, практика бағдарламасының барысымен таныстыру мақсатында өткізілді.
6В01501- "География" білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерімен «Дуалды оқыту» жүйесі бойынша №3-мектеп-лийінің мұғалімі Д.Тлегеновтың жетекшілігімен, практикалық сабақ жүргізілді. Теория мен практиканы ұштастыру арқылы студенттер өз білімдерін кеңейтті. Гео 21-1 тобымен "Географияны оқыту әдістемесі" пәнінен 6 сынып оқушыларына сабақ өткізді.
Тәрбие жұмыстары
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жаратылыстану" факультеті "Тарих және география" кафедрасының "Тарих және география" білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері Шерхантану орталығына келіп, Ш.Мұртазаның еңбектерімен, шығармаларымен танысып, Ш.Мұртазаның өмірбаяны туралы, ғылыми еңбектері жайында тәрбие сағаты өтілді.
Халықаралық Қарттар күніне орай Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Жаратылыстану" факультеті "Тарих және география" кафедрасының оқытушылары Касымкулова П.Т., Джунисбекова А.Р., Тоқбаева М.Н., Тансыкова А.Б., бастамасымен "Тарих және география" білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттерімен бірге қарттар үйіне барып, мерекемен құттықтап, қайырымдылық шараларын жасады.