COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Хабарландыру / Құрметті профессор-оқытушылар, докторанттар, магистранттар!

Құрметті профессор-оқытушылар, докторанттар, магистранттар!

ITII  Жаршысы Республикалық ғылыми-көпшілік журналының 2024 жылдың шілде-қыркүйек айында шығатын келесі санына төмендегі ғылыми бағыттарға сәйкес келетін мақалалар қабылданады:

Жаратылыстану ғылымдары, технология;

- Экономика;

- Педагогика;

- Тарих;

- Құқық;

- Филология.

Мақаланы жарыққа шығару үшін төмендегідей талаптарға сәйкес болуы қажет:

 

1. Мақала өзекті, ғылыми тұрғыдан жаңа және практикалық жағынан маңызды болуы тиіс.Авторлар ғылыми нәтижелердің аңықтығы мен маңыздылығына, сондай-ақ жұмыстардың ғылыми мазмұнының өзектілігіне жауап береді. Плагиатқа жол берілмейді.

2. Мақала мәтіні 5-7 парақ көлемінде Tımes New Roman, кегль - 12, жоларалық 1 интервалмен жазылуы керек.

3. Парақтың параметрі: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол – 30 мм, оң – 15 мм, азат жол – 1 см.

4. Сол жақ жоғары бұрышында міндетті түрде УДК (ӘӨЖ) индексі қойылуы тиіс.

5. Бір жолдан кейін ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (қою шрифтпен) жазылуы керек.

6. Баяндама тақырыбы астына, бір жолдан кейін – парақ ортасында жай әріптермен автор (лар) - дың аты-жөні жазылуы керек (қою шрифтпен), академиялық дәрежесі, лауазымы.

7. Тақырыптың астына жұмыс істейтін мекеменің толық аты, мекен-жайы (қою шрифтпен) көрсетіледі.

8. Түйіндемеде (Резюме) – үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) мақала авторы қозғап отырған басты идеяның қысқаша мазмұны мен бағыт-бағдары сипатталуы қажет (70-100 сөз). Түйіндемеде тақырып үш тілде жазылуы тиіс. Сонымен қатар ұсынылған жұмысқа қатысты түйін сөздер берілуі керек.

10. Бір интервалдан кейін мақала мәтіні жазылуы керек.

11. Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме ретінде берілген мәтінде тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сәйкес нөмірмен көрсетіледі. (Үлгі: Сілтеме [1, с. 11]. Әдебиет 1. Сейітбаев М.С. Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалардың тарихи географиясы А.:, Ғылым, 1999. – 284 б.).

12. "ITII Жаршысы" журналы жылына 4 рет, яғни 3 айда 1 рет шығады. Журналдың кезекті нөміріне мақала берудің шекті мерзімі-журнал шыққанға дейін 1,5 ай бұрын беріледі.

13. Мақала мақұлданғаннан және журнал нөміріне енгізілгеннен кейін мақала жарияланғаны үшін төлем жүргізіледі. Авторға төлем туралы деректемелері бар хат жіберіледі. Егер төлемді ұйым жүргізсе, бізге шарт жасау үшін ұйымның деректемелерін жіберу қажет. "ITII Жаршысы" журналында мақала  жарнасы 3500 теңге

Ескерту: Мақаланың мазмұнына автор (лар) жауап береді. Ғылыми-редакциялық алқасы мақаланы жариялау (жарияламау) немесе кейінге қалдыру құқығын өзіне қалдырады. Жарияланбаған мақалалар кері қайтарылмайды және оларға пікір жазылмайды.

Мақала Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  корпоротивтік поштасы арқылы қабылданады немесе ХТИИ Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар басқармасына 202 кабинетке (Желтоқсан, 69 «Б») өткізе аласыздар.