«Ай мен Айша» романын толық оқып шық та сыйлық ұтып ал!
Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» роман-дилогиясын оқуға арналған «Кітап – өмірсерік» акциясы бастау алды.
Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде және әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Кітап оқудың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында маңызды функцияны атқаратынын және оқуды қолдау мақсатында «Шерхантану» ҒЗО мен «Жастар саясаты және тәрбие жұмысы» басқармасы «КІТАП ӨМІРСЕРІК» акциясын ұсынады.
Акцияның өту мерзімі: 1.02.-1.04.2025 жыл
Романның әр томын оқуға 1 ай уақыт беріледі.