"Taza Sessiya" республикалық акциясы басталды...
Республика деңгейінде ұйымдастырылып жатқан "Taza Sessiya" акциясы Халықаралық Тараз инновациялық институтында ұйымдастырылды. Акцияға 300 студент қатысты.
Мақсаты: ЖОО-да Сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау, білім сапасының артуына түрткі болу.
Комиссия құрамына Республикалық Jas Otan Jambyl ЖҚ-дан арнайы өкіл, өңірлік "Адалдық алаңының" менеджерлері және "Жас депутаттар" корпусының мүшелері кірді. БАҚ өкілдері де шараға қатысып, ұйымдастыру кезеңіне куә болды.
28 наурызда бастау алған акция 31-не дейін жалғасатын болады. Республика бойынша 60 ЖОО және 20710 студентті қамту жоспарланып отыр.