COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / ХТИИ студент қыздары UniSat жобасы арқылы өз наноспутниктерін стратосфераға ұшырды

ХТИИ студент қыздары UniSat жобасы арқылы өз наноспутниктерін стратосфераға ұшырды

Бүгінде ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы бүкіл әлемдегі жастар арасындағы гендерлік саясатқа үлкен көңіл бөліп отыр. Осы орайда ЮНИСЕФ пен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы бірегей әріптестік шеңберінде UniSat жобасы жүзеге асырылды. Сондықтан Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен келген 150-ден астам қыз бала білім алып, оның ішінде біздің институтымыздың білімді, белсенді қыздары іріктеуден өтті. Бұл жобаға ХТИИ-дан 100 ден аса қыз қатысып, ең үздік 20-ға жуық қыз Алматы қаласында болатын оффлайн практикалық марафонына жолдама алды. Олардың ішінде Пусурманова Амина, Бейсембек Гүлназ, Тоқтар Азизат, Рысқұл Ілтипат, Жетесбаева Нұрсила, Қойшыбаева Ақбота, Орынбекова Асем, Балтабай Айнұр, Диханбай Асылзат, Шайқапас Самал, Бұтақбаева Манат, Ерсариева Балжан, Акрамова Мөлдір, Рысқұл Әдемі, Қурамаева Алима, Алтыбай Әсем іріктеуден жоғары көрсеткіш көрсете алды.
21-30 наурыз аралығында UniSat-тың он күндік практикалық марафоны аясында оффлайн сабақтар өтіліп, ХТИИ студенттері өз наноспутниктерін стратосфераға ұшырды. Институт қыздары практикалық марафон барысында наноспутниктерді жасаудың барлық сатыларымен жақыннан танысты. Олар UniSat ғарыштық аппаратының сыртқы корпусын 3D принтерлердің көмегімен жасап шықты, сондай-ақ, аппараттың электрондық сұлбаларын жасауды, оның негізінде шынайы электрондық сүлбелерді жасауды үйренді.
UniSat наноспутниктеріне ХТИИ студент қыздары STEM білім беру мақсатында жасалған, оның құрамында ауаның ластанғандыған анықтайтын сенсор, жоғары ажыратқышты камера орнатты. UniSat жобасы наноспутниктерді әзірлеу бойынша дағдылар мен құзыреттерді дамытуға ғана емес, командада жұмыс істеу, көпшілік алдында сөйлеу, тайм-менеджмент, креативтілік сияқты және т.б. қыздардың бойында икемділік дағдыларын дамытуға бағытталған.
27 наурыз күні Алматы облысы Акчи ауылдық округі маңайында стратосфераға өздерінің наноспутниктерін ұшырды. Бейсембек Гүлназдың бастамасымен ХТИИ наноспутнигі құрастырылды. Нано спутниктің 3Д дизайнын Пусурманова Амина, Бұтақбаева Манат, ал 3Д принтерден оларды Алтыбай Әсем, Құрманғазиева Айнұр және басқада қыздар дайындап шығарды. Микросхемалардың барлығын Орынбекова Асем, Қойшыбай Ақбота, Шайқапас Самал жасап шығарды. Осындай бірлескен жұмыстың соңғы нәтижесін Бейсембек Гүлназ құрастырды.
28 наурыз күні ЮНИСЕФ ұйымының Қазақстандағы өкілі Артур Ван-Дизен мырза арнайы келіп, жоба қатысушыларымен сұхбаттасты. Жоба барысында жасалған жұмыстармен танысты, Өзбекстан, Қырғызстан және де еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген қатысушылармен жақыннан танасып, жобаның тағы да жалғасын табатынына үлкен сенім білдірді.
Бұл жоба институт қыздарына өте қатты ұнады, алдағы уақытта қосымша осы бағытпен айналысатынын жеткізді.
«Егерде маған қайтадан мамандық таңдау мүмкіндігі берілсе, онда мен осы мамандық иесі болар едім. Себебі маған осы салада жұмыс жасаған ұнады. Сонымен қатар осы жоба менің қызығушылығымды оятты», - деп түсіндірді «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің студенттік деканы Шайқапас Самал.