COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың профилактикасы туралы

Жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың профилактикасы туралы

2022 жылдың 29 сәуір күні Халықаралық Тараз инновациялық институтының мәжіліс залында Жамбыл облысы прокуратурасының Консультативтік кеңес мәжілісі өтті.
Кеңестің мақсаты - жастар мен кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының профилактикасы туралы жүйелі білімді қалыптастыру.
Мәжілісте облыс прокурорының орынбасары Ұласбекұлы Нұрбек облыстағы жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы профилактика саласындағы проблемалық мәселелер, оны шешу жолдары тақырыбында баяндама жасады.
ХТИИ бірінші проректоры А.Абдуалы институтта студенттер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған шаралармен таныстырды.
Облыстық ПД-нің ЖПҚ- нің бастығы Рахымберді Дулатұлы жастар мен кәмелетке толмағандардың патриоттық тәрбиесінің мәселелері және оның жалпы профилактикасына ықпал ету тақырыбында сөз сөйледі.
Облыстық білім басқармасының басшысы Бейқұт Тлебалдыұлы жергілікті атқарушы органдармен жас ұрпақты тәрбиелеудегі атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Жиын соңында студенттер мен кеңеске қатысушылар сұрақтар қойып, оған жауап берілді.