COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Таразда тұңғыш рет

Таразда тұңғыш рет

29-30 сәуір күндері аралығында Халықаралық Тараз инновациялық институты "Спорттық-бұқаралық жұмыстар" орталығының ұйымдастыруымен институт ректоры Ерболат Саурыков қолдауымен Тараз қаласында тұңғыш рет ерлер және қыздар арасында жағажай волейболынан 1 ашық турнир ұйымдастырылды.

Турнирге ерлер арасынан 9, қыздар арасынан 9, жалпы 18 команда қатысып, бағын сынады.

Жалпы жағажай волейболы Калифорниядан өз бастамасын алып, 1920 жылдардың басында жағажайларда ойындарға арналған алаңдар жасалынып, бірінші командалар жинала бастады.

Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасынан:
1 орын ХТИИ 2;
2 орын ХТИИ 1;
3 орын ХТИИ 3;
4 орын Тараз өңірлік университеті.

Қыздар арасынан:
1 орын Байзақ құрамасы;
2 орын ХТИИ 1;
3 орын 3 мектеп лицейі;
4 орын ХТИИ 2 командалары еншіледі.

P/s: Жамбыл облысы, Тараз қаласында тек біздің оқу орнымызда жағажай волейбол алаңы барын мақтаныш тұтамыз, Студенттер үшін осындай жағдай жасаған институт басшылығына алғыс білдіреміз.