COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтады

Ұлы Отан соғыс ардагерлерін құттықтады

Институт басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Бегасыл Белгібаевты Жеңістің 77 жылдығымен және 100 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.
Соғыс шебіне 1943 жылы аттанған майдангер Жуалы өңірінде дүниеге келген. Қиыр Шығыста Чита қаласында атқыштар полкында жауынгер болған ол Жапон басқыншыларынан азат етуге де қатысқан. Елге 1948 жылы оралған.
Жеңіс мерекесі қарсаңында соғыс ардагеріне Халықаралық Тараз инновациялық институтының бірінші проректоры Асқар Бегәділұлы ұжым атынан бағалы сыйлықты тапсырды.
Жеңіс күнін жақындатқан майдангерлерге құрмет мейрам қарсаңында ғана емес, жыл бойы жасалу керектігін айтып, Бегасыл ақсақалға деніне саулық, отбасына амандық тіледі. Өз кезегінде қарт майдангер институт ректоры мен ұжымға алғыс білдіріп, батасын берді.