COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу

Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу

Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу барысында "Қаржы және есеп" кафедрасының оқытушылары М. Жумадильдаев, Б.Жакашев Тараз қаласының 54 орта мектебінде 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында мектепті бітіретін оқушыларды Халықаралық Тараз инновациялық институты дайындайтын мамандықтар бойынша және басқа да мәліметтер таныстырылып, слайдтар көрсетілді. Сонымен қатар институтқа құжат тапсыру ерекшеліктері туралы түсініктеме берілді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап беріліп, ХТИИ-ге түсуге құжаттарын тапсырулары туралы өтініш жасалды. Кездесуге қатысқан оқушылардың 13-і ХТИИ-ге құжаттарын тапсыратындығы туралы ниеттерін білдірді.