COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Құрметті әріптестер, студенттер!

Құрметті әріптестер, студенттер!

Күні кеше Шымкент қаласында ерекше қайрымдылық жоба іске қосылды.

Шымкенттегі Rixos Khadishа қонақ үйінде «Demeu Kazakhstan» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен кәсіпкерлерге арналған форум өтті.

Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, «Халықаралық Тараз инновациялық институтының» президенті, Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Ерболат Саурыков «Bugun Holding» компаниясының негізін қалаушы және Бас директоры Айбек Қуатбай, «COMFORT DISTRIBUTION» ЖШС құрылтайшысы, Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің мүшесі, Төлтаев Алмаз, «Казтермопласт» ЖШС директоры, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңесінің мүшесі және тағы басқа белсенді кәсіпкерлер қатысты.

Жиында «Demeu Kazakhstan» қоғамдық қорынының жаңадан қосылып жатқан «Демеу» жобасы таныстырылды. Жобаның мақсаты – көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан дарынды балаларға сапалы білім беру, тұлғалық дамыту және грантпен оқуға түсуіне көмектесу. Осы арқылы, бір отбасына жарқын болашақ сыйлап, үміт отын жағу.

Шара барысында ХТИИ президенті Ерболат Байұзақұлы арнайы Алғыс хатпен марапатталды.