ХТИИ-да патриоттық диктант байқауы өтті
25 қазан Республика күні аясында Халықаралық Тараз инновациялық институтыда қазанның 14-жұлдызы күні «Атамекен» тақырыбында патриоттық диктант байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
• студент жастар бойында Отанға, туған ел мен атамекенге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу;
• туған тарих пен тіл, дәстүр мен төл мәдениет туралы білімдерін, дүниетанымды дамыту;
• алған білімдерін бекіте отырып, жазу сауаттылығын арттыру.
1-4 курс студенттері арасында өткен диктант байқауының қорытындысы шығарылып, комиссия шешімі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды:
1. Аманбаева Аружан, ШТ-21-1 тобының студенті – 1-дәрежелі диплом
2. Әбіқұлова Альбина, БОПӘ -19-1 тобының студенті – 2 дәрежелі диплом
3. Темирова Айнұр, ШТ-21-3 тобының студенті – 2 дәрежелі диплом
4. Жиенбаева Аяулым, МДОТ-19-1 тобының студенті – 3 дәрежелі диплом
5. Сағынова Айнұр, ҚТ-20-1 тобының студенті – 3 дәрежелі диплом
Байқауды ұйымдастырған – Тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасы