COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шындықтың жебесі - Шераға

Шындықтың жебесі - Шераға

25 қазан – Республика күніне орай ХТИИ Жастар ісі жөніндегі комитеті мен «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдасыруымен «Шындықтың жебесі - Шераға» тақырыбында поэтикалық кеші өтті.
Қазақ әдебиетінің қызыл жебесі, баспасөзіміздің байрағы болған қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қай шығармасын алсақ та, өткір көзқарасы мен өжет болмысы айқын аңғарылады. Өрелі, ойлы оқырман үшін осының өзі өшпес мол мұра, ғасырларға жететін ғибратты дүние. Осы дүниелерді жастарға насихаттау мақсатында өткен кешке белгілі жас ақын, Республикалық «Қазақ TV» телеарнасының облыстағы меншікті тілшісі, «Ақ жол» облыстық газетінің журналисті, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Нұржан Қадыралы қатысты. Сондай-ақ, педагогика факультетінің студенттері, Студенттік ректорат және белсенді жастар қатысты.
Қатысушылар Шерағаның өмірі мен еңбектерін тілге тиек етіп, Шерхан Мұртазаға өз арнауларын оқыды. Кездесу барысын студенттердің көкейінде жүрген сұрақтары мен ойлары ортаға салынып, тұшымды ойларымен бөлісті.