COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАРАЗ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай тұлғаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің салтанатты ашылуы өтті

Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай тұлғаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің салтанатты ашылуы өтті

Жамбыл облысы Жуалы ауданында Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 90 жылдығына орай тұлғаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің салтанатты ашылуы өтті.

Музейге жазушыға тиесілі тұрмыстық заттар, оның құжаттары, дипломдары, марапаттары, медальдары, отбасымен және достарымен бірге түскен фотосуреттері қойылған. Халық жазушысының ауылдастары, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері Шерхан Мұртазаның кабинетін, кітапханасын дәл сол қалпында көріп, тамашалады. Ғимараттың үшінші қабатында бильярд залы бар. Шерхан Мұртаза бір кездері тек қарымды қаламгер ғана емес, бильярд ойының шебері ретінде де өзін көрсете білген.

Дәл осы күні Талапты ауылында халық жазушысының 90 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

Шара барысында жазушылар арасындағы «Ақиқаттың ақ туы» байқауы мен «Шынның жүзі – Шераға» республикалық ақындар мүшайрасының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

https://youtube.com/shorts/uQN-2raqgoo?feature=share