АСТАНАДА «АТАМЕКЕН» ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ Х СЪЕЗІ БАСТАЛДЫ
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының X съезі басталды. Съезге республиканың барлық өңірінен 300-ден аса делегат қатысып жатыр. Аталған шараға Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының президенті Е.Саурықов қатысуда.
Съезд офлайн форматта ұйымдастырылған. Қатысушылар 9 мәселені талқылайды. Палатаның атқарылған жұмысының есебі, трансформациядан кейінгі Ұлттық палатаның жаңа тәсілдері және Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында өңірлік кәсіпкерлер палатасын құру қаралады. Сондай-ақ, ҰКП Төралқасының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жекелеген мүшелерін сайлау, басқарманың өкілеттік мерзімін бекіту жоспарланып отыр.