IT САЛАСЫНДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты , 6В06 – Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім беру бағдарламаларының «Компьютерлік графика» зертханасы жаңа заманауи құрылғымен толықтырылды: UV-принтер іске қосылды.
Бұл зертханада студенттер «Компьютерлік графика», «Компьютерлік модельдеу» пәндері бойынша зертханалық сабақтар өтуде. Зертханада CorolLazer программасымен басқарылатын лазер құрылғысында әр түрлі материалдарды кесу орындалады.
‼️ACRORIP программасымен басқарылатын UV-принтер әр түрлі материалдарға: металл, шыны, пластик, тастар, композиттік материалдарға баспа жұмыстарын жүргізе алады. Осы технологияларды қолданып, 3 курс студенттері институт логотипы салынған бренд бұйымдарды жасады.