Жеке табыс салығы
09.11.2022 ж. күні «Экономика және бизнес» факультеті, «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы Д.М.Әшіралиева «Салық және салық салу» пәні бойынша «Жеке табыс салығы» тақырыбында, Қар - 20-1, ЕА-20-1 топтарына ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақты бағалауға «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор -оқытушылар құрамы мен «Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқармасының маманы қатысты.
Оқытушы студенттерге «Kahoot» бағдарламасын қолдана отырып, тест тапсырмаларын орындатқызып, нәтижелерін талқылады.
Prezi.com бағдарламасын қолданып «Жеке табыс салығы» бойынша студенттердің арасында сұрақ–жауап жүргізді.Әрі қарай тақырып бойынша студенттер есеп шығарды. LearningApps.org бағдарламасында «Жеке табыс салығы» тақырыбында декларация толтыру бойынша түсіндіріп, бейнеролик көрсетті.
Оқытушы тапсырмалардың барлық бағытын ескере отырып студенттердің жауаптарын бағалап, үйге тапсырма берді.Сабақта рефлексиялық – бағалау кезеңі болды.
Жоғары айтылған ПОҚ-ы мен қызметкерлер бағалауды қорытындылай келе, Д.М.Әшіралиева берілген пәнге оқу- әдістемелік жабдықталуына, сабақ барысында ақпараттық технология мен инновациалық тәсілдерді қолдануына, студентке бағытталған оқыту мен дәріс шеберлігіне өте жақсы деген (141-160 балл) баға берді.
«Сапа, аккредиттеу және рейтинг» басқарманың басшысы Ботагоз Калдыбековна Жундибаева.