Ашық есік күні
22.12.2022 ж. күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Шығармашылық мамандықтар" факультетінде 6В01404 - "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасы Тараз инновациялық көпсалалы колледжінің "Тігінші", "Модельер-конструктор" мамандықтарының оқушылары үшін Ашық есік күнін өткізді.
Қыздар оқу ғимаратымен, аудиториялармен және қысқы бақпен танысты. Оларға өнеркәсіптік тігін машиналарында жұмыс істеуге мүмкіндік берілді. 6В01404 - "Кәсіптік оқыту" білім беру бағдарламасының студенттерінің дайын жұмыстарымен танысты. Бұл іс-шара болашақ мамандарды кәсіби бағдарлауға бағытталған.