Тәуелсіз елдің парасатты жастары
Бүгін Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институтының студенттер үйінде Жамбыл облыстық Антикор орталығымен бірлесе отырып «Тәуелсіз елдің парасатты жастары» тақырыбында Ted-Х форматта конференция өткізілді.
Конференцияда облыстық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы баспасөз үйі (Өңірлік коммуникациялар қызметі)» басшысының орынбасары Ринат Нуракбаев Даниярұлы, «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Назима Дәрменқызы, облыстық «Қазақстан студенттерінің Альянсы» студенттер қозғалысының төрағасының орынбасары Жалғас Қуанышбек сөз сөйледі.