COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / "VII Шерхан оқулары" байқауының ақтық кезеңі өтті

"VII Шерхан оқулары" байқауының ақтық кезеңі өтті

Желтоқсан айының 2- күні Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты "Шерхантану" ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өтетін "VII Шерхан оқулары" байқауының ақтық кезеңі өтті.

Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1. Эссе
2. Сұрақ-жауап
3. Тест

Байқауда барлығы 5 облыстан (Жамбыл облысы, Түркістан облысы, Маңғыстау облысы, Алматы және Астана қаласы) 25 үміткер бақтарын сынады.

Байқаудың бас жүлделері:
1. Бас жүлде - ХТИИ РЕКТОРЫНЫҢ ГРАНТЫ

2. І орын - оқу төлемақысына 50% жеңілдік

3. ІІ орын - оқу төлемақысына 25% жеңілдік

Әділқазылар алқасының құрамы:

1. Төрайым - М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ доценті, фил.ғыл.канд. Шормақова Сәулет Медеубекқызы;
2. "Ауыл" ХДП-ның Жамбыл облысы филиалының хатшысы - Нұржан Туғанбай ;
3. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты - Айнур Кембаева Тұрарқызы;
4. Ш.Мұртаза атындағы ХТИИ "Имидж және медиа" секторының жетекшісі - Бахтияр Бекназаров Арманұлы.

Байқау қорытындысы бойынша анықталған жеңімпаздар төмендегідей:
Ректор грантының иегері - ҚУАНТАЙ ДИАНА - ШУ ауданы;

50% жеңілдік - ӘКЕТАЙ АРУЖАН - Т.Рысқұлов ауданы;

25% жеңілдік - СӘТБЕРГЕН ЗАҢҒАР - Талас ауданы.

Бағыттар бойынша қосымша орындарды МАҢҒЫСТАУ облысынан - 2 орын -Хабибуллаева Гүлдер және ТҮРКІСТАН облысынан 2 орын - Жәнібек Алуа иеленді.

Жеңімпаздарды оқу ордасының ректоры, э.ғ.д., профессор Марат Баяндин Асылбекұлы құттықтап, бағалы сыйлықтар мен дипломдарды табыс етті.

Байқау соңында орталықтың директоры Каракоз Тамабаева Өмірзаққызы жетекші ұстаздарға алғысын білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.