COVID-19 қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Мекен-жайы

Тараз қ, Желтоқсан көш, 69Б

Байланыс Телефоны

+7 (7262)50-13-55 +7 (7262)54-11-24

Жұмыс уақыты

Дүйсенбі - Жұма: 09.00 - 18.00

Ш.МҰРТАЗА АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ТАРАЗ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Басты бет / Медиа / Жаңалықтар / «БІЛІМ.ҒЫЛЫМ.ЖЕТІСТІК» тақырыбында республикалық студенттер форумы

«БІЛІМ.ҒЫЛЫМ.ЖЕТІСТІК» тақырыбында республикалық студенттер форумы

9-11 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз Инновациялық Институты бірлесе отырып Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауын насихаттау және Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай «БІЛІМ.ҒЫЛЫМ.ЖЕТІСТІК» тақырыбында республикалық студенттер форумын ұйымдастыруда.

Форум аясында студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіріу жолдары, жастар ісі жөніндегі комитет жұмыстарын жандандыруды және жоғары оқу орындарының студенттерінің өзара тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ, республикалық пікірсайыс турнирін, қоғамдық лекция, жайдарман ойындары мен студенттер арасында нетворкинг алаңдары ұйымдастырылады.

Форум барысында«Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін және жастар ұйымдарының жұмысын дамыту жолдары» тақырыбында студенттік конференциясы, «Көшбасшы және команда» тақырыбында тренингі, «Әділетті Қазақстан – Әділетті қоғам» тақырыбында «ХТИИ ректор кубогы» үшін облыстық Жайдарман ойыны, «Ахмет Байтұрсынұлы: Ұлт ұстазының жолымен» тақырыбында «ITII CUP - IV» үшін студенттер арасында өтетін Республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.

Форумның мақсаты: Жоғарғы оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару жүйесінің даму тенденциясын талқылау, жетілдіру жолдарын қарастыру және жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларының тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.

Форумның нәтижесі: Жоғары оқу орындарының студенеттік өзін-өзі басқару құрылымдарын жетілдіру тетіктері қарастырылып, бір ізділендіруге бағытталады. Сондай-ақ, оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары арасында байланыс қалыптасады. Студентердің шығармашылық дағдыларын дамытады.

Форумға қатысушылар: Жоғары оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, Студенттік өзін-өзі басқару құрылымының және Республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, пікірсайысшылар, жайдарманшылар мен студенттер.